Жүктілікке және босануға байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемге құқық уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалысқа шыққан күннен бастап туындайды.

Төлемді тағайындау үшін Сіз тұрғылықты жеріңізге қарамастан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының (ХҚО) кез келген бөлімшесіне жүгіне аласыз. 

Сондай-ақ, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінде (бұдан әрі – АЖ) келесі мәліметтер болған жағдайда, egov.kz электронды үкімет порталы (бұдан әрі – портал) арқылы өтініш беруге болады:

1) жеке басын куәландыратын құжат туралы;

2) жүктілікке және босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағы (парақтары) туралы;

3) жүктілігі және босануы бойынша демалысқа шыққаны туралы жұмыс берушінің ақпараты;

4) екінші деңгейлі банктердегі банк шотының нөмірі туралы.

Жеке кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалар, шаруа және фермер қожалықтарының басшылары үшін қосымша мәліметтер:

1) мемлекеттік кірістер органдарында мемлекеттік тіркеу туралы;

2) мемлекеттiк кiрiстер органдары берген салық төлеушiнiң бюджетпен есеп айырысудың жай-күйi, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдар бойынша дербес шотының үзiндiсi.

АЖ-да жоғарыда көрсетілген ақпараттардың бірі болмаған жағдайда, портал ақпаратты беруге жауапты тиісті мемлекеттік органға жүгіну қажеттілігі туралы хабарлама жібереді.

Наверх