Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы (ХЗӘҚҚ) 1992 жылы құрылды.

Қазіргі уақытта ХЗӘҚҚ құрылтайшылары ТМД-ның 9 елінен және Грузияның он бір зейнетақы және әлеуметтік қорлар, мекемелер мен ұйымдар болып табылады. «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ 2009 жылдан бастап ХЗӘҚҚ-ның толыққанды мүшесі болып табылады.

ХЗӘҚҚ қызметі мақсаттарының бірі Қауымдастық мүшелерінің арасында халықаралық деңгейде әлеуметтік қамсыздандыруды қорғауға, көтермелеуге және дамытуға, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған ынтымақтастықты ұйымдастыру болып табылады.

ХЗӘҚҚ-тің ақпараттық қызметі оның жақын және алыс шет елдердегі мүшелерінің мүдделеріне, әлеуметтік қамсыздандыруды реформалауға негізделген.
ХЗӘҚҚ мүшелері ақпаратты ТМД, Грузия, Балтық елдерінің сондай-ақ, алыс шетелдердегі әлеуметтік сала статистикасы үнемі жарияланатын веб-сайт арқылы және зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру саласындағы мемлекетаралық қатынастардың құқықтық мәселелері, әлеуметтік қамсыздандырумен байланысты еңбек нарығының мәселелері зейнетақы және әлеуметтік реформалау барысы туралы өзекті материалдар қамтылатын «Вестник» журналының электрондық нұсқасы арқылы алады.

ХЗӘҚҚ зейнетақы және әлеуметтік қорлармен бірлесіп 1996 жылдан бастап жыл сайын әлеуметтік қамсыздандырудың өзекті мәселелері бойынша халықаралық конференциялар өткізеді. 30 жыл ішінде 40-тан астам іс-шара (халықаралық конференциялар, семинарлар, дөңгелек үстелдер және т.б.) өткізілді. Олардың жұмысына ХӘҚҚ, ХЕҰ, Дүниежүзілік банктің, өзге де халықаралық ұйымдардың өкілдері, ТМД, Грузия, Балтық және басқа елдердің зейнетақы, әлеуметтік қорлары мен мекемелерінің басшылары қатысты. Ұсынылатын материалдар тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді және зейнетақымен қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру мәселелерін шешуге көмектеседі.

2016 жылы ХЗӘҚҚ Еуразиялық экономикалық комиссия алқасы жанындағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы құқықтарын сақтау, медициналық көмек көрсету және еңбеккерлерінің кәсіби қызметі мәселелері жөніндегі Консультативтік комитеттің құрамына енгізілді, бұл ХЗӘҚҚ өкілдерінің Комитеттің жұмыс кездесулеріне, кеңестеріне және басқа да іс-шараларына қатысуына мүмкіндік береді.

ХЗӘҚҚ Еуразиялық экономикалық комиссия, Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы, Кәсіподақтардың жалпы конфедерациясы, Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының ұлттық қауымдастығы өзін-өзі реттеу ұйымына және т. б. бірқатар ұйымдармен бірлесіп қызмет жасайды.

Қауымдастықтың жоғарғы басқару органы Қауымдастық мүшелерінің жалпы жиналысы болып табылады. Қауымдастықтың Атқарушы органы Дирекция болып табылады.


Байланыс ақпараты

Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының төрағасы
Курманов Алмас Мухаметкаримович

Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының директоры
Аметов Евгений Кязимович

Официальный сайт http://apsf.ru/Main.shtml

Наверх