govservicesImg1kz.width-1000

МӘСЖ қатысушысына ӘА жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығына 3-қосымшада бекітілген Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.

Порталдан онлайн қызметті алу үшін www.eGov.kz пайдаланушысымен тіркелуіңіз қажет. Жеке кабинетте «Қызметтерді алу тарихы» бөлімінде сіздің өтініміңіздің өңделуі туралы хабарламамен танысуға болады.

ӘА жай-күйі және қозғалысы туралы ақпаратты алу үшін көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жеке басты куәландыратын құжатпен (жеке басын сәйкестендіру үшін) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді. Көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. 

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі және қозғалысы туралы ақпарат беру» мемқызмет стандартына (Мемқызмет стантартына) сай беріледі. 

Процесс сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін қамтитын мемқызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі, сондай-ақ мемқызметті беру ерекешеліктерін ескере отырып, басқа да мәліметтер Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемқызмет стандартында көрсетілген.

Наверх