МӘСҚ-нан жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжб) бойынша сұрақтарға жауап

1. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар бар ма?

«Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындау» бойынша мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2023 жылғы 27 маусымдағы № 248 бұйрығымен бекітілген "Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді, бала бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кірісінен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және оларды тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларына" 4-қосымшасымен бекітілген.

2. Жүктілікке және босануға, байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжб) тағайындауға құқық қашан туындайды?

ӘТжб құқық жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген жүктілігі және босануы бойынша демалыс басталған күннен бастап туындайды.

3. Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем тағайындауға (ӘТжба) құқық қашан туындайды? 

ӘТжба тағайындауға құқық уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскердің демалысы басталған күннен бастап туындайды.

4. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжб) қандай кезеңге тағайындалады?

ӘТжб ҚР Еңбек кодексінің 99-бабына сәйкес жүктілігі және босануы немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген барлық кезеңге тағайындалады және бір рет төленеді.

5. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемге (ӘТжб) жүгіну мерзімі?

ӘТжб тағайындауға, сондай-ақ ауыр босанған, екі және одан да көп бала туған жағдайда ӘТжб қайта есептеуге өтініш беру мерзімдері МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерге құқық туындаған күннен бастап (жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағын берген күннен бастап) 12 айдан аспауы тиіс.

6. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжб) тағайындау үшін өтінішті қайда береді?

ӘТжб тағайындау үшін өтініш:

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне беріледі;  

немесе  

- көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік құрылғысының телефон нөмірі порталда тіркеген кезде sms-хабарлама жолымен 3 күнтізбелік күн ішінде қызмет алушының келісімін алған жағдайда проактивті қызмет көрсетіледі.

7. Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем (ӘТжб) тағайындау үшін қандай құжаттар керек?

ӘТжб мынадай құжаттар негізінде тағайындалады:      

1) жеке басты куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты) немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі - жеке басын сәйкестендіру үшін талап етіледі;

2) Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін - Байқоңыр қаласы тұрғын үй шаруашылығының азаматтарды есепке алу және тіркеу жөніндегі бөлімінің анықтамасы);

3) жүктiлiкке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген еңбекке уақытша қабілетсіздік парағы (парақтары).

Өтінішті және құжаттарды қабылдаушы маман «электронды үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті АЖ сұраулар қалыптастырады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттар бойынша «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер базасының АЖ;

2) банктерде және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда ашылған банк шотының нөмірі, түзеу мекемелерінде бақылау шоттары туралы мәліметтер туралы АЖ;

3) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты берілген уақытша еңбекке жарамсыздық парағы бойынша "ЖжФЖӘТ" АЖ-ға;

4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 27 ақпандағы №306 бұйрығымен бекітілген Жеке шоттарын жүргізу қағидаларына 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушілерді дара кәсіпкер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары ретінде мемлекеттік тіркеу туралы «Біріктірілген салық ақпараттық жүйесі» АЖ-ға және «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот» АЖ-да мемлекеттік кірістер органдары берген бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйі, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы жеке шоттан үзінді көшірме бойынша әлеуметтік төлемге құқық басталған айдың алдындағы соңғы күнтізбелік он екі ай ішінде (дара кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, сондай-ақ шаруа немесе фермер қожалықтарының басшылары жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік төлемдерді тағайындауға өтініш берген кезде);

Банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді қоспағанда, АЖ мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) жағдайда өтінішке тиісті құжаттар қоса беріледі.   

8. Жүктілігі және босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы бойынша әлеуметтік төлем (ӘТжб) қанша уақытта тағайындалады?

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем тағайындауға жүгінген жағдайда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі сегіз жұмыс күнін құрайды.Портал арқылы немесе проактивті қызмет арқылы жүгінген жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау мерзімі төрт жұмыс күнін құрайды.

МӘСҚ ӘТжб тағайындау үшін қажетті құжаттардың (мәліметтердің) дәйектілігіне тексеріс жүргізуге құқылы. Осы мақсатта МӘСҚ мемлекеттік органдар мен тиісті ұйымдарға, әлеуметтік аударымдарды төлеушілерге және өтініш берушіге сұрау жіберуге құқылы. Бұл peттe өтініш берушіні әлеуметтік төлемдер тағайындау туралы шешiм қабылдауда орын алған кешіктіру және шешiм қабылдаудың ұзартылу мерзiмдерi туралы бірақ, бiр айдан аспайтын мерзiмде, жазбаша нысанда хабардар етеді.

9. Жүктілігі және босануы, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемнің (ӘТжб) мөлшері қалай анықталады?

ӘТжб мөлшері мынадай формула арқылы анықталады:

ӘТ жб = ОАК * ЕСК, мұндағы:

ОАК - міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке қабілетсіздігі  белгіленген айдың, алдындағы соңғы 12 айдағы орташа кірісі      

ОАК= (АК1 + АК2 +АК3...... + АК12) / 12, мұндағы:

АК - әлеуметтік аударымдарды (бұдан әрі – ӘА) есептеу объектісі ретінде ескерілген ай сайынғы кіріс (ӘА төленбейтін кірістерді шегергендегі, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ)).

ЕСК - еңбекке қабілетсіздік күндері санының коэффициенті еңбекке уақытша қабілетсіздік парағы берілген күндер санын күнтізбелік 30 күнге бөлу арқылы айқындалады. Бұл ретте, еңбекке қабілетсіздік күндері санының коэффициентінің мәні дөңгелектеудің арифметикалық әдісін қолдану жолымен үтірден кейін бір белгіге дейін дөңгелектенеді (үтірден кейінгі 5-ке дейінгі екінші белгі 0-ге дейін, 5-тен және одан жоғары болса 1-ге дейін дөңгелектенеді).

Мысалы, 126 күнге уақытша еңбекке жарамсыздық парағын бергенде:  

ЕСК = 126 күн /30 күн = 4,2

Мысал

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының еңбекке жарамсыздық парағын берген айдың алдындағы соңғы 12 айдағы МЗЖ шегергенде кірісі 162 000 теңгені құрайды. Еңбекке жарамсыздық парағы 126 күнтізбелік күнге берілген.

Әр айдағы кірісі ӘА есептеу объектісінен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына түскен ӘА негізінде анықталады.  

ОАК = 162 000 теңге * 12 ай / 12 ай = 162 000 теңге

ЕСК= 126 күн / 30 күн = 4,2

ӘТжб = 162 000 теңге * 4,2 = 680 400 теңге;

68 040 теңге сомасындағы ӘТжб 10% МЗЖ ұсталады және Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотқа аударылады. Егер алушы ұзақтығы мерзімсіз мүгедектігі бар адам болса, онда МЗЖ оның келісімі негізінде ұсталады.

Банктік шотқа ӘТжб = 680 400 теңге – 68 040 теңге = 612 360 теңге аудрылатын болады.    

10. Ауыр босанған және екі немесе одан да көп бала туған жағдайда жүктілігі және босануы бойынша әлеуметтік төлемдерді (ӘТжб) қайта есептеу қалай жүргізіледі?

Ауыр босанған немесе екі және одан да көп бала туған жағдайда, ӘТжб қайта есептеу қосымша берілген жүктілігі және босануы  бойынша уақытша еңбекке қабілетсіздік парағы (бұдан әрі – еңбекке жарамсыздық парағы) негізінде еңбекке жарамсыздық күндерінің жалпы саны ескеріле отырып, ӘТжб тағайындалған сомасын ӘТжб қайта есептелген сомасынан алып тастау арқылы жүзеге асырылады.

Мысал

Әлеуметтік аударымдар төленген орташа табысы (ОАК) 150 000 теңге болған кезде 126 күнтізбелік күнге ӘТжб 630 000 теңге мөлшерінде тағайындалды.

Ауыр босанғандықтан 14 күнтізбелік күнге қосымша еңбекке жарамсыздық парағын берген кезде еңбекке жарамсыздық күндерінің жалпы саны 126 күн + 14 күн = 140 күнді құрайды. Сәйкесінше, еңбекке жарамсыздық күндерінің коэффициенті ЕСК = 140 күн / 30 күн = 4,7.

Сонда ӘТжб = ОАК * 4,7- ОАК * 4,2 = 150 000 теңге * 4,7 – 150 000 теңге * 4,2 = 75 000 теңге.

Көрсетілген сомадан 7 500 теңге сомасында 10% міндетті зейнетақы жарнасы (МЗЖ) ұсталып, алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады.Егер алушы ұзақтығы мерзімсіз мүгедектігі бар адам болса, онда МЗЖ оның келісімі негізінде ұсталады.

Банк шотына ӘТжб = 75 000 теңге – 7 500 теңге = 67 500 теңге қосымша аударылады.   

11. Егер әйелдің орташа айлық табысы ең төменгі жалақының 7 еселенген мөлшерінен асса ол жұмыс берушіден айырмашылықты ала ала ма? (2024 жылы: 7*85 000 теңге = 595 000 теңге)

Жұмыс беруші, егер бұл еңбек және (немесе) ұжымдық шарттардың талаптарында, жұмыс берушінің актісінде көзделсе, орташа жалақысын сақтай отырып, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, МӘСҚ-дан жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем сомасын шегере отырып, жүктілікке және босануға байланысты демалысқа, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алған жұмыскерлерге берілетін демалысқа ақы төлейді.  

ӘТжб тағайындалған сома туралы анықтама алушыға «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының бөлімшесіне өзі жүгінген кезде беріледі.

12. Неліктен маған жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем (ӘТжб) мөлшерін дұрыс есептелмеген?

ӘТжб тағайындау үшін орташа айлық табыстың мөлшері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына ӘТжб-ға құқық туындаған айдың алдындағы 12 айда түскен ай сайынғы әлеуметтік аударымдар негізінде айқындалады.

Осыған байланысты ӘТжб тағайындау үшін өтініш берер алдында МӘСҚ әлеуметтік аударымдардың уақтылы және толық төленуін тексеру ұсынылады.  

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 маусымдағы № 229 бұйрығының 3-қосымшасымен бекітілген Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру қағидаларына сәйкес, МӘСҚ-ға Сіздің атыңызға келіп түскен әлеуметтік аударымдар туралы анықтама алуға болады:

- egov.kz «электронды үкімет» веб-порталы (электронды түрде) арқылы Басты /азаматтарға/жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту/жұмысқа орналастыру және жұмыс іздеу / Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беру

немесе

- «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының бөлімшесінде тұрғылықты жері бойынша жеке куәлігімен (қағаз жеткізгіште)

немесе

- МӘСҚ филиалында жеке куәлікпен (қағаз жеткізгіште) (Сіз байланыстар мен мекенжайларды gfss.kz интернет-ресурсынан қарай аласыз).

Сондай-ақ, әлеуметтік аударымдар, оның ішінде міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) төленбейтін кірістер шегерілген табыс әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылатынын атап өткен жөн.

Егер Сіз үшін әлеуметтік аударымдар 12 айға емес, жүктілікке және босануға байланысты еңбекке уақытша жарамсыздық парағын берген айдың алдындағы 8 айға түссе, онда МЗЖ шегерілген 8 айдағы табыс қосылады және 12 айға бөлінеді де еңбекке жарамсыздық күндері санының коэффициентіне көбейтіледі.  

Тағайындалған ӘТжб сомасынан МЗЖ ұсталып, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы Сіздің зейнетақы шотыңызға аударылатынын ескертеміз.                                                                                                                                           

Наверх