әлеуметтік төлемді тағайындауға өтініш берген кезде өтініш беруші төмендегілер туралы хабардар етіледі: төлем мөлшерінің өзгеруіне әкелетін барлық өзгерістер (тоқтата тұру, тоқтату), сондай-ақ тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кету), анкета деректерінің, банк деректемелерінің өзгеруі туралы Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне осындай өзгерістер туралы күнтізбелік он күн ішінде хабарлау қажеттігі туралы хабардармын.

Отбасының мүшелері күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын оқушылар немесе студенттер болып табылатыны туралы жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарынан анықтаманы жыл сайын (оқу жылының басында) ұсыну қажеттігі туралы хабардармын.

Ұсынылған құжаттардың анықтығын қамтамасыз етемін және ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығын растаймын.Әлеуметтік төлем сомасынан міндетті зейнетақы жарналарын ұстап қалуға келісім беремін (бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі мерзімсіз белгіленген адам толтырады): иә/жоқ. Бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлем бойынша міндетті зейнетақы жарналары субсидияланатыны туралы және агент міндетті зейнетақы жарналарын аударған жағдайда тоқтатыла тұратыны және тоқтатылуы мүмкін екендігі туралы хабардармын. Төлемді тағайындау, қайта бастау, сондай-ақ Мемлекеттік корпорацияның Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес менің дербес деректерімді үшінші тұлғаларға беру құқығымен өз міндеттемелерін орындауы үшін қажетті тұрақты негізде Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген кез келген тәсілмен менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, оның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес деректерді трансшекаралық беруді жүзеге асыруға келісім беремін: иә/жоқ.

Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, «Казпошта» акционерлік қоғамының аумақтық құрылымдық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін: иә/жоқ.

«Салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер (Салық кодексі) туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 30-бабының 2-тармағына сәйкес құпия болып табылатын салық органдарынан асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді тағайындау үшін қажетті мәліметтерді алуға келісім беремін: иә/жоқ. Әлеуметтік төлем тағайындау (бас тарту) туралы шешім қабылдау туралы телефон байланысы арқылы SMS-хабарлама жолымен хабарламаға алуға келісім беремін: иә / жоқ. Бюджеттен және (немесе) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақыларды және (немесе) асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін жеке банк шотын немесе электрондық ақшаның электрондық әмианын ашу мүмкіндігі, сондай-ақ осы шоттағы ақшаны, оның ішінде электрондық ақшаның электрондық әмианындағы электрондық ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуына жол берілмейтіндігі туралы хабардармын.

Наверх