Құрметті достар!

«МӘСҚ» АҚ ұзақ мерзімді қатынас орнатуға және одан әрі дамуға бағдарланған, соңынан кәсіби дағдыларын жетілдіре отырып, біздің құндылықтарымызды бағалайтын және Қазақстан Республикасында әлеуметтік сақтандырудың дамуына өз үлесін қосуға дайын жұмысқа қабілетті және жігерлі мамандарды тартуға мүдделі.

Сайттың осы бөлімі ең алдымен әлеуетті кандидаттарды жұмысқа қабылдау тәртібімен, қол жетімді бос жұмыс орындарымен таныстыру және жарияланатын лауазымдарға өтініш беру мүмкіндігін ұсыну үшін құрылған.

«МӘСҚ» АҚ жұмыс істеу үшін жаңа қызметкерлерді таңдау ашық түрде жүргізіледі және кез келген тілек білдіруші оған қатыса алады.

Бұл үшін бос орындармен танысу қажет және Сіз бұл талаптарға қаншалықты сәйкес келетініңізді салыстыра отырып, өтініш беруіңізге болады, Сіздің өтінішіңіз бен түйіндемеңізді қарау қорытындысы бойынша «МӘСҚ» АҚ кадр қызметі қосымша хабарласатын болады.

Түйіндеме келесі электронды пошта арқылы жіберіледі

kudabaeva@gfss.kz

Сыртқы конкурс

 

 

Әңгімелесу өтетін орын: Zoom арқылы онлайн.

Конкурсқа қатысуға құжаттар тізімі:

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар

"МӘСҚ"АҚ Бас директорының атына өтініш береді.

Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

- түйіндеме;

- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы;

- жоғары білімі, академиялық және ғылыми дәрежесі туралы дипломдардың көшірмелері;

- қайта даярлау және біліктілікті арттыру туралы сертификаттардың көшірмелері (бар болса);

Осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын ұсыну өтінішті қабылдаудан еркін нысанда бас тарту үшін негіз болып табылады. Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпарат беруге құқылы.

 

Байланыс телефоны: 983-978 (ішкі. 292)

Құжаттар жіберу үшін E-mail: kudabaeva@gfss.kz

 

 

 

 

Наверх