Міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі:

1) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі – Қор) активтерін сенімгерлік басқаруды Экономикалық саясат жөніндегі кеңес мақұлдаған инвестициялық декларация және Қор мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арасында жасалатын шарт негізінде жүзеге асырады.

2) Қордың активтерін инвестициялау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қаржы құралдарының тізбесі мен лимиттеріне сәйкес Қордың активтерін орналастыруды жүзеге асырады.

3) Қордың активтерін шоғырландыру және орналастыру, инвестициялық кіріс алу жөніндегі барлық операциялардың есебін жүргізеді және жасалған шартқа сәйкес Қорға тоқсан сайын оның шоттарының және Қор активтерімен жүргізілетін инвестициялық қызметтің жай-күйі туралы есепті ұсынады.

Наверх