Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды төлеу бойынша сұрақтарға жауап

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды есептеу және төлеу тәртібі бар ма?
Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына төлеу және олар бойынша өндіріп алу қағидалары» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 229 бұйрығының 1-қосымшасымен бекітілген

Кімдер әлеуметтік аударымдарды төлеушілер болып табылады?
Әлеуметтiк аударымдарды төлеушi:

1) жұмыс берушi;

2) дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығы;

3) жеке практикамен айналысатын адам;

4) жергілікті атқарушы органдар немесе жеке көмекшілерге материалдық пайда төлеген кезде өзге де заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен, оның ішінде Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтiк қорғау туралы заңнамасына сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының мүгедектігі бар адамға тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беруі кезінде алынған материалдық пайда.

Төлеушілер Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексімен белгіленген тәртіппен Мемлекеттік әлеуметік сақтандыру қорына (бұдан әрі – МӘСҚ) әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді жүзеге асырады.

Әлеуметтік аударымдарды төлеушінің міндеттері қандай?
Төлеуші:

1) әлеуметтiк аударымдарды және әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегенi үшiн өсiмпұлды уақтылы және толық көлемiнде төлеуге;

2) әлеуметтiк аударымдардың сомаларын есептеу мен қайта есептеудi, сондай-ақ әлеуметтiк аударымдар уақтылы және (немесе) толық төленбеген жағдайда, өсiмпұлды есептеудi өзі дербес жүзеге асыруға;

3) мемлекеттік кіріс органдарына Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде салықтық есептілікті ұсынуға;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы бойынша есептелген және төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұлдың сомаларын бастапқы есепке алуды жүргізуге;

5) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға тиісті кезеңде тиесілі болған жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлай отырып, оған МӘСҚ төленген әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары туралы мәліметтер ұсынуға;

6) МӘСҚ сұрау салулары бойынша, әлеуметтік төлемдерді тағайындау үшін қажетті ақпаратты (құжаттарды, мәліметтерді) ұсыну;

7) мемлекеттік кірістер органдарының талап етуі бойынша әлеуметтік аударымдар бойынша берешек өздерінің пайдасына өндіріп алынатын міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін ұсынуға;

8) Әлеуметтік Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға мiндеттi.

Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер есептелген және төленген әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл сомалары туралы, оның iшiнде қате (артық) төленген әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұл сомаларын қайтару туралы мәлiметтердiң сақталуын бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамаға сәйкес электрондық немесе қағаз жеткізгіштегі заңнамада белгіленген тәртiппен қамтамасыз етедi.

Төлеушiнiң қызметi тоқтатылған кезде әлеуметтік аударымдарды және (немесе) әлеуметтік аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұлды есептеу және төлеу туралы құжаттар Мемлекеттік архивке беріледi.

Әлеуметтік аударымдар кімдер үшін төленеді?
Әлеуметтік аударымдар:

1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар;

2) дара кәсіпкерлер, оның ішінде шаруа және фермер қожалықтарының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар;

4) жеке көмекші;

5) қандастарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының аумағында кіріс алып келетін қызметтi жүзеге асыратын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар үшін төленеді.

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдердің резидент емес жеке жұмыскерлері үшін әлеуметтік аударымдар төленуі керек пе?
ҚР Әлеуметтік кодекстің 2-бабы 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар ҚР Әлеуметтік кодексінен басым болады.

Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттардың Қазақстан Республикасы аумағында қолданылу тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.

2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 98-бабының 3-тармағына сәйкес мүше-елдер еңбеккерлері мен отбасы мүшелерін әлеуметтік қамсыздандыру (әлеуметтік сақтандыру) (зейнетақыдан басқа) еңбекке орналасқан мемлекеттің азаматтары сияқты тәртіппен және жағдайда жүзеге асырылады.

Еуразия экономикалық одағына мүше-елдерден резидент емес жұмыскерлермен жасалған еңбек шарттары бойынша жұмыс беруші жұмыскердің Қазақстан Республикасында тұруға және (немесе) тұрақты тұруға ыхтиярхатының болу болмауына байланыссыз әлеуметтік аударымдар төлеуге міндетті.

Әлеуметтік аударымдар төлеуден кімдер босатылған?
Жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен адамдар әлеуметтік аударымдарды төлеуден босатылды: ерлер - 63 жас, әйелдер - 61 жас.

Әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі қандай?
Төлеушілердің міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін және (немесе) өз пайдасына МӘСҚ төлеуге жататын әлеуметтік аударымдар әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,5%, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 5% пайызы мөлшерінде белгіленеді. Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиынмен есептелген сомалар тиындардың сомасына қарамастан 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.

Бірыңғай төлем құрамында әлеуметтік аударымдарды төлеуді таңдаған салық агенттері үшін әлеуметтік аударымдар мөлшерлемесі әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 3,2 % 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінің 4,5 % мөлшерінде белгіленеді.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 776-3-бабының 1-тармағында белгіленген бірыңғай төлем мөлшерлемесіндегі әлеуметтік аударымдардың үлесі 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін 14,9 %.

Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі қалай айқындалады?
Әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі:

1) жұмыскерлер үшін ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінде және консулдық мекемелерінде еңбек қызметін жүзеге асыратын адамдар үшін жұмыс берушінің еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде төлейтін шығыстары әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі болып табылады.

Жұмыс берушінің шығыстарына әскери қызметшілердің, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің ақшалай жабдықталымы енгізіледі.

2) дара кәсіпкерлер үшін, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері, жеке практикамен айналысатын адамдар үшін:

- өзі үшін – МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерін қоспағанда, өз пайдасына әлеуметтік аударымдарды есептеу мақсаттары үшін өздері дербес айқындайтын, өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын аудару үшін айқындалатын кіріске тең, бірақ Қазақстан Республикасының Салық кодексіне сәйкес салық салу мақсаттары үшін айқындалатын кірістен аспайтын алатын кірісінің сомасы болып табылады;

- жалдамалы жұмыскерлер үшін – МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төленбейтін кірістерді қоспағанда, жұмыскерге еңбекке ақы төлеу ретінде кірістер түрінде төленетін шығыстар болып табылады.

3) жеке көмекші үшін – жергілікті атқарушы органдар және өзге де заңды тұлғалар оларға төлейтін материалдық пайда.

Қандай кірістерден МӘСҚ әлеуметтік аударымдар төленбейді?
Әлеуметтік аударымдар:

1) ҚР Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларында және 31) тармақшасының тоғызыншы абзацында көрсетілген кірістерді қоспағанда, ҚР Салық кодексінің 319-бабының 2-тармағында белгіленген;

2) ҚР Салық кодексінің 341-бабы 1-тармағының 9), 10), 12), 14) тармақшаларында, 17) тармақшасының алтыншы абзацында, 21) және 50) тармақшаларында көрсетілген кірістерді қоспағанда, ҚР Салық кодексінің 341-бабының 1-тармағында белгіленген;

3) ҚР Салық кодексінің 484-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында белгіленген кірістерден төленбейді.

Осы тармақтың қолданысы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 89-1-тарауына сәйкес бірыңғай төлем есептелетін жұмыскерлердің кірісіне қолданылмайды.

Әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең жоғарғы объектісі белгіленген бе?
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің төмендегі қатысушылары үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы объектісі республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен жалақының (бұдан әрі – ЕТЖ) 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.

1) жұмыскерлер, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар үшін;

2) дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері үшін;

3) жеке практикамен айналысатын адамдар үшін;
4) әлеуметтік аударымдарды төлеу бірыңғай төлем құрамында жүзеге асырылатын жұмыскерлер үшін.

2024 жылы ЕТЖ = 85 000 теңге. Әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең жоғары объектісі: 7 * 85 000 теңге = 595 000 теңге.

Әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең төменгі объектісі белгіленген бе?
Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған жалақының ең төмен мөлшерінен (бұдан әрі – ЕТЖ) кем болған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің төмендегі қатысушылары үшін ЕТЖ негізге алына отырып есептеледі, төленеді:

1) жұмыскерлер и лиц, ақы төленетін өзге де жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген), оның ішінде Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдардың өкілдіктерінде, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелерінде жұмыс істейтін адамдар үшін;

2) дара кәсіпкер, оның ішінде шаруа немесе фермер қожалығының басшылары, сондай-ақ олардың он сегіз жасқа толған мүшелері үшін;

3) 3)жеке практикамен айналысатын адамдар үшін.

2024 жылы ЕТЖ = 85 000 теңге. Әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең төмен объектісі: 1 ЕТЖ = 85 000 теңге.

Төлеушілер үшін әлеуметтік аударымдарды төлеудің белгіленген мерзімі қандай?
Әлеуметтік аударымдарды төлеуші есепті айдан кейінгі айдың 25-інен кешіктірмей, әлеуметтік аударымдар төленетін айды көрсете отырып, ай сайын төлейді.

Патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер ҚР Салық кодексінде көзделген мерзімде патенттің құнын әр ай үшін бөлек төлеу үшін әлеуметтік аударымдарды төлейді.

Салық агенттері бірыңғай төлемнің құрамына кіретін әлеуметтік аударымдарды ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, бірыңғай төлем аударылатын айды көрсете отырып төлейді.

Әлеуметтік аударымдарды төлеу қалай жүргізіледі?
Әлеуметтік аударымдарды төлеу қолма-қол ақшасыз және қолма-қол нысанда жүзеге асырылады.

Қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылатын әлеуметтік аударымдарды төлеу күні – банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан әлеуметтік аударымдар сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күн қолма-қол нысанда төлеушінің банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға әлеуметтік аударымдарды енгізген күн болып есептеледі.

Төлеушілердің әлеуметтік аударымдарды төлеуі олар үшін әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімдерін қоса бере отырып жүзеге асырылады.

Егер төлеуші өзінің орналасқан жерінен тыс орналасқан құрылымдық бөлімшелері үшін әлеуметтік аударымдарды жүзеге асырған жағдайда, әлеуметтік аударымдарды төлеу құрылымдық бөлімшенің орналасқан жері бойыншажүргізіледі.

Басқа есепті кезеңге ауыстыра отырып, артық төленген әлеуметтік аударымдар сомасын түзетуге бола ма?
Әлеуметтік аударымдарды төлеуші ай сайын кезеңді, яғни әр айды бөлек көрсете отырып төлейді.

Артық төленген немесе аз төленген әлеуметтік аударымдардың сомаларын түзету және есепке жатқызу ҚР Әлеуметтік кодексінде көзделмеген.

Егер төлеуші МӘСҚ әлеуметтік аударымдарды артық (қате) төлеген жағдайда, ол міндетті түрде әлеуметтік аударымдардың артық (қате) төленген сомаларын қайтаруды жүзеге асыруы қажет.Бұл әлеуметтік тәуекелдер туындаған кезде әлеуметтік аударымдар төленген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының ай сайынғы кірістері ескерілетіндігіне байланысты. Артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдар сомаларын қайтаруды жүзеге асыру тәртібі мен қажетті құжаттармен Сіз МӘСҚ www.gfss.kz интернет-ресурсындағы «ӘЛЕУМЕТТІК АУДАРЫМДАР/АРТЫҚ (ҚАТЕ) ТӨЛЕНГЕН ӘА және (немесе) ӨСІМПҰЛДЫ ҚАЙТАРУ» бөлімінде танысып және жүктей аласыз.

Әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті төлеу қалай жүргізіледі?
Төлеушілер әлеуметтік аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдардың уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл бойынша берешектi төлеуді міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесiне қатысушылардың тiзiмiн қоса беріп, кезең (ай (айлар), жыл (жылдар)) үшін жүргізедi.

Төленген әлеуметтік аударымдар сомасы төлеушіге неге қайтарылды?
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар бойынша әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтiк аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшiн өсiмпұлдарды келесі жағдайларда автоматты түрде қайтарады:

1) ЖСН жоқ және (немесе) деректемелерінде қателер жіберілген;

2) жалпыға бірдей белгіленген зейнеткерлік жасқа толған адам: ерлер - 63 жас, әйелдер - 61 жас;

өзі үшін бір төлеушіден әлеуметтік аударымдар сомасы әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тиісті қаржы жылына ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен артық төленген. 2024 жылы – 20 825 теңге = 3,5% х (7 х 85 000теңге);

4) егер әлеуметтік аударымдарды төлеуші болып табылмайтын жеке тұлғалар төлесе.

Төлеуші аударылған әлеуметтік аударымдар сомасы туралы ақпарат алу үшін қайда жүгінеді?

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар үшін төленген әлеуметтiк аударымдар және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төленбегені үшін өсімпұл туралы ақпарат алу үшін төлеуші өтінішпен Мемлекеттік корпорацияға жүгінеді. Өтініш нысанын «ӘЛЕУМЕТТІКАУДАРЫМДАР/ТӨЛЕУШІНІҢ ӘА ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ӨСІМПҰЛ СОМАЛАРЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ АЛУЫ» бөлімінен жүктеуге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы әлеуметтік аударымдардың және (немесе) әлеуметтік аударымдарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың сомалары туралы ақпаратты қанша уақытта дайындайды?
Мемлекеттік корпорация төлеуші жүгінген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік аударымдардың жай күйі мен қозғалысы туралы ақпарат дайындайды және оны төлеушіге қағаз түрінде береді

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысы әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты кімнен алады?
Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушы әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алу үшін ыңғайлы тәсілдердің бірімен жүгіне алады:

- сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжаты бар Мемлекеттік корпорацияға өтінішпен (https://gov4c.kz/ru/contacts/adresa/сілтеме бойынша мекенжайлар);

- сәйкестендіру үшін жеке басын куәландыратын құжатпен МӘСҚ филиалдарына өтінішпен (http://gfss.kz/#/contacts/branchesсілтеме бойынша мекенжайлар);

- www.egov.kz "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы ЭЦҚ пайдалана отырып сұрау салу жолдау арқылы.

Өтініш нысанын «ӘЛЕУМЕТТІКАУДАРЫМДАР/«МӘСЖ ҚАТЫСУШЫҒА ӘА ЖАЙ-КҮЙІ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ БЕРУ» бөлімінен жүктеуге болады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат қанша уақытта беріледі?
Әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпаратты беру 10 минут ішінде жүргізіледі.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін ең ұзақ күтудің рұқсат етілетін уақыты жүгінген күні орнында - 15 минут.
Ең ұзақ қызмет көрсету уақыты - 20 минут.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алу үшін қандай құжаттар қажет?
Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:

өзі жүгінген кезде:

1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

сенім білдірілген адам жүгінген кезде:

1) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат немесе қандас мәртебесі бар адамдар үшін қандас куәлігі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

2) нотариат куәландырған сенімхат - көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде.

www.egov.kz "электронды үкімет" порталында:

1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы арқылы қол қойылған немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бірреттік парольмен куәландырылған электрондық құжат түріндегі өтініш.

Құжаттарды мемлекеттік ақпараттық жүйелерден, оның ішінде цифрлық құжаттардың сервисінен алу мүмкіндігі болған кезде оларды ұсыну талап етілмейді.

Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттардың сервисінен цифрлық құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталының хабарламасына жауап ретінде бірреттік құпиясөзді жіберу жолымен немесе қысқа мәтінді хабар жіберу жолымен «электрондық үкімет» веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі жағдайында іске асырылған интеграция арқылы алады.

Қандай жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушысына әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат алудан бас тартылады?
Көрсетілетін қызметті алушы қолданылу мерзімі өткен құжатты ұсынған жағдайларда Мемлекеттік корпорацияның, Қордың қызметкері міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыға әлеуметтік аударымдардың жай-күйі мен қозғалысы туралы ақпарат беруге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

Наверх