«МӘСҚ» АҚ Бас директоры - Арғынғазинов Айбол Арғынғазыұлы

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика факультетін, «Жоғарғы экономика мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің (Мәскеу қ.) экономика ғылымдары факультетін тәмамдаған.

2015-2017 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігі Макроэкономикалық талдау және болжамдау департаментінің сарапшысы.

2017-2018 жылдары – «Казконтент» АҚ Талдау және мониторинг бөлімінің басшысы.

2018-2019 жылдары – «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Макроэкономикалық зерттеулер және болжамдау орталығы директорының орынбасары, Талдау және әлемдік экономика орталығының директоры.

2019 жылы – ҚР Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі.

2019-2022 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысы Хатшылығының сектор меңгерушісі.

2022 жылдан ҚР Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры болып еңбек етті.

2024 жылғы ақпаннан бастап «МӘСҚ» АҚ Бас директоры лауазымына тағайындалды.


«МӘСҚ» АҚ Бас директорының орынбасары - Жаныбеков Марат Амангельдиевич

1992 жылы Целиноград Ауыл шаруашылығы институтын экономика және ауыл шаруашылығын ұйымдастыру мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі ауылшаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы экономист, 2001 жылы – Қазақ мемлекеттік заң академиясын юриспруденция мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі – заңгер.

Еңбек жолын «Ишим-банк» ААҚ Басқарма Төрағасының көмекшісі болып бастаған, соңынан Басқарма Төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалған. Сонымен қатар, «Халық Банкі ЖЗҚ» ЖАҚ «Ақмола аумақтық агенттік пункті» Өкілдігінің директоры, «Қазақстанның халық банкі ЖЗҚ» ЖАҚ Басқарма Төрағасының кеңесшісі, «МЖЗҚ» ЖАҚ Астана қаласы филиалының директоры қызметтерін атқарған.

«МӘСҚ» АҚ Бас директорының орынбасары - Тастамбеков Канат Еркинович

А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін 2008 жылы бітірген.

Еңбек жолын 2008 жылы Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің Алтынсарин аудандық салық басқармасында салықтық аудит бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы болып бастаған.2010-2013 жылдары Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің Қостанай аудандық Салық басқармасында жұмыс істеген.2013-2016 жылдар аралығында Қостанай облысы бойынша Салық департаментінің құрылымында басшылық қызметтерді атқарған.

2016-2018 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде жұмыс істеген.

2018-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің орталық аппаратында бас сарапшыдан бастап басқарма басшысына дейін әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған.

2024 жылдың наурыз айынан бастап «МӘСҚ» АҚ Бас директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қаржы қызметінің үздігі.

«МӘСҚ» АҚ Басқарушы директоры - Игликова Назым Маргулановна

2008 жылы «Қазақ-Британ Техникалық университеті» АҚ «қаржы» мамандығы бойынша, 2014 жылы - Уорика Университетін (The University of Warwick) «Болашақ» бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядан бітірген, қаржы және бухгалтерлік есеп саласында ғылым магистрі (MSc). Математика бойынша халықаралық олимпиадалардың жүлдегері, «Алтын белгі» төс белгісінің иегері. Ұлыбритания бухгалтерлері мен аудиторлар қауымдастығы сертификациясына кандидат (ACCA), Ішкі аудиторлар институтының мүшесі (The Institute of Internal Auditors).

Еңбек жолын «Сбербанк России» акционерлік қоғамының еншілес банкінде экономист болып бастаған. Одан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде қаржы ұйымдары мен арнайы қаржы компанияларындағы бухгалтерлік есеп әдістемесі бағытында әр түрлі лауазымдарда істеген. 2015 жылдан 2020 жылдары аралығында квазимемлекеттік компанияларда ішкі аудитте, оның ішінде басшы лауазымдарда істеген («Бәйтерек» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгроФинанс» АҚ).

2020 жылы Ұлттық комиссияның шешімімен Президенттік кадрлық жастар резервіне қабылданған.

24.02.2020 ж. «МӘСҚ» АҚ Басқарушы директоры лауазымына тағайындалды.

«МӘСҚ» АҚ Басқарушы директоры - Такырбаев Ерлан Калиевич

2009 жылы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетін, 2012 жылы А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетін бітірген.

Еңбек жолын 2009 жылы Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Астана қалалық филиалында әлеуметтік сақтандыру бөлімінің маманы болып бастаған.

2014 жылдан 2016 жылға дейін «ЗТМО» МКҚК ОА әртүрлі құрылымдық бөлімшелерде жұмыс істеді;

2017 жылдан 2023 жылға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жұмыс істеді;

2020 жылдан 2023 жылға дейін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-да басшылық қызметтерді атқарды;

2023 жылдан бастап «МӘСҚ» АҚ Стратегиялық даму және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

2024 жылдың 1 наурызынан бастап «МӘСҚ» АҚ Басқарушы директоры лауазымына тағайындалды.

Наверх