«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» 2019 жылғы 26 желтоқсандағы № 286- VІ Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдарды ай сайынғы ең жоғарғы есептеу объектісі, тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген, ең төмен жалақының (бұдан әрі – ЕТЖ) 7-еселенген мөлшерiн құрайтынын хабарлайды.

2022 жылдың 01 қаңтарынан бастап бір ЕТЖ мөлшері 60 000 теңгеге тең, тиісінше бір төлеушіден түсетін әлеуметтік аударымдардың ай сайынғы есептеу объектісі 420 000 теңгеден аспауы тиіс.

Егер күнтізбелік ай үшін әлеуметтік аударымдар есептелетін объект республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ЕТЖ мөлшерінен кем болған жағдайда, онда әлеуметтік аударымдар ЕТЖ мөлшері негізге алына отырып есептеледі, төленеді (2022 ж. – 60 000 теңге).

Бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі – БЖТ) төлейтін жеке тұлғалар да міндетті әлеуметтік сақтандыруға жатады.

БЖТ есептеу объектісі:-- республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің (бұдан әрі – АЕК) 1 еселенген мөлшері;- басқа елді мекендерде - АЕК 0,5 еселенген мөлшері болып табылады.БЖТ төлеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын АЕК мөлшері қолданылады.2022 ж.: АЕК = 3 063 теңге.

БЖТ сомаларын есепке жатқызу және аудару үшін деректемелер:
Бенефициар: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ;
Бенефициар банкі: «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ;
БСН: 160440077161;
БСК: бенефициара: GCVPKZ2A;
ЖСК: бенефициара: КZ47009ESP0163609911.

Наверх