Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына «МӘСҚ» АҚ мамандары консультациялық көмек көрсетті

2020 жылдың 18 ақпанында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының» АҚ (бұдан әрі - МӘСҚ) мамандары жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен өткен халықпен кездесуге қатысты. Кездесу «Астаналық» сауда орталығының жұмыскерлері мен келушілеріне арналып өткізілді. Кездесу «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы», «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы», «Жұмыспен қамту орталығы», «Медиацияны дамыту орталығы» және басқа да мекемелердің өкілдерінің қатысуымен өтті. Әрбір азамат өзіне керекті ақпарат алып, қалаған сұрағына жауап алды. Шараның ұйымдастырушылары болып Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «Астана жастары» КММ болып табылады. Іс-шараның өткізілу мақсаты – жастарды қазіргі уақытта жүзеге асырылып жатқан және жас қазақстандықтарға бағытталған әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік бағдарламалармен таныстыру және қала тұрғындарына жеке сұрақтар бойынша консультациялық көмек беру.

Шара барысында МӘСҚ мамандары азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүесі бойынша, әлеуметтік төлем түрлері мен төлем мөлшері туралы сұрақтарына жауап берді. Сонымен қатар біріңғай жинақтық төлемді кім және қалай төлеу керетігі жөнінде толық ақпарат беріп, әлеуметтік аударымдарды уақытылы аудару және тексерудің маңызын атап өтті.

Азаматтардың әлеуметтік құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында МӘСҚ қызметкерлері тұрақты негізде консультациялық кездесулерге қатысады, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі еңбек ұжымдарына ақпаратты түсіндіру жұмыстарын өткізеді және МӘСҚ филиалдарында ашық есік күндерін өткізіп тұрады. Халық пен заңды тұлғалар арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізу МӘСҚ негізгі қызметтерінің бірі болып табылады.


 


«Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы пресс-релиз

2018 жылдың 11 қазанынан бастап ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару Ережесi (бұдан әрі - Ереже) «Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылдың 2 шілдесіндегі № 165-VІ Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкестендірілді.

Негізгі өзгерістер мен толықтырулар:
1) әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының табысына салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұл сомаларын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу арқылы дербес түзеу туралы нормасын алып тастау;
2) қате төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару тәртібін өзгерту, атап айтқанда:
- әлеуметтік аударымдарды қайтаруға өтініш формасы өзгерді (1 қосымша);
- өтінішке әлеуметтiк аударымдардың төленгені туралы төлем құжатының көшiрмесi қажет етілмейді;
-- өтінішке қажеттілігіне сәйкес еңбек қызметінің басталуын/тоқтатылуын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі;
- өтінішке қажеттілігіне сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның (910.00 нысаны) немесе әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару кезеңі үшін патент құны есебінің (911.00 нысаны) көшірмесі;
 

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілетін Ережеде мемлекеттік кіріс органдарымен әлеуметтік аударымдар сомасын қайтару тәртібі өзгертілді, атап айтқанда:
- тәуекел басқару жүйесіне сәйкес төлеушілерге қарыз сомасы туралы хабарлама жіберу;
- тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мемлекеттік кіріс органдарының әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтемеген жағдайда шығын операцияларын тоқтату тәртібінің өзгеруі;
- касса бойынша шығын операцияларын тоқтату тәртібі.


 


«Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Баспасөз релизі

Тұжырымдама және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы, сондай-ақ оған сілтеме «Міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауындағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі еңбек өтілі мен төлем мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейтуге қатысты тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленді.

Заң жобасын қабылдаудың мақсаты төмендегі бағыттар бойынша Қазақстан Республикасындағы құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық негіздерін нығайту болып табылады:
- сақтандыру принциптері мен әлеуметтік әділеттілікті сақтауды ескере отырып, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамыту;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтілі мен МӘСҚ төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері арасындағы өз ара байланысты күшейту;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне халықтың қатысуын ынталандыруды қалыптастыру;
- МӘСҚ активтерін инвестициялық басқарудың тиімділігін арттыру.

Жобаны қабылдау мен жүзеге асыру мемлекеттік бюджет қаражатынан қосымша шығыстарды талап етпейді.

Зан жобасы мен тужырымдамасы


 


«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытудың келешегі» атты республикалық семинарын өткізу туралы

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қаласында «Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытудың келешегі» атты республикалық семинары өтеді (бұдан әрі - Семинар).

Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры"АҚ болып табылады.

«Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін дамытудың келешегі» семинарының тақырыбы 2018 жылы Мемлекет Басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Қазақстан халқына Жолдауындағы негізгі артықшылығымен байланысты, соның ішінде еңбек өтілі мен міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі төлем мөлшері арасындағы өзара байланысты күшейту арқылы.

Семинарды өткізудің мақсаты мынадай негізгі сұрақтарды талқылау болып табылады:
-- Мемлекет Басшысы Жолдауының ережелерін жүзеге асыру;
- тәжірибемен алмасу, міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында әдістемелер мен тәжірибелерді зерттеу және жинақтау;
- әлеуметтік әділеттілік және сақтандыру қағидаларын ұстана отырып, әлеуметтік сақтандыру жүйесін жетілдіру;
- міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен халықтың қамтуын кеңейтуде жаңа тәсілдерді жүзеге асыру;
- мемлекеттік органдармен, міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру, сонымен қатар әлеуметтік аударымдар төлеу мәселелері бойынша зейнетақымен қамтамасыз ету, әлеуметтік жарналар және міндетті зейнетақы жарналары ұйымдарымен өзара әрекет өзектілігі.
 

Семинар жұмыстарында мемлекетік органдар мен ұйымдарының, жергілікті атқарушы органдардың, ҚР Жұмыс берушілер конфедерациясының, «Нұр Отан» партиясының, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, БЖЗҚ, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы КЕАҚ, «Мемлекеттік аннуитеттік компания» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, «Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» РМҚК, Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығы мүше-елдерінің және басқа ұйымдардың сарапшылары қатысады.

Семинар және алдыңғы әлеуметтік теориялар мен әлеуметтік сақтандыру практикасының қарастыру, әлеуметтік жаңғыртудың өзекті мәселелерін шешудегі жаңа тәсілдерін талқылау үшін диалог алаңы ретінде болады.


 


«Қазақстанның үздік әлеуметтік жобалары» республикалық көрмесін өткізу туралы

2018 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қаласында «Қазақстанның ең үздік әлеуметтік жобалары» атты республикалық көрмесі өтеді.

Шараның ұйымдастырушысы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ болып табылады.

Көрмені өткізудің мақсаты – ерекше сұранысқа ие тұлғалардың өмір спасын жақсартатуына септігін тигізетін және өмірлік қиын жағдайларға тап болған, соның ішінде жасы жеткен тұлғаларға, мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға, халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға нақты көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік тиімділігі бар жүзеге асырылатын және құрылған әлеуметтік жобаларды қолдау.

Барлық аймақтарды ең үздік әлеуметтік жобаларды таңдау үшін комиссия құрылды. Авторлар өздерінің жұмыстары туралы аймақтық және республикалық комиссиялардың қарауларына ұсынған бейнероликтерде айтатын болады. Ең үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу құрамында үкіметтік емес ұйымдар қатысқан аймақтық комиссиялар, мүгедектер мәселесі бойынша әкімдердің кеңесшілері, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалдарының, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Мүгедектерді әлеуметтік қорғау бойынша үйлестіру кеңесінің өкілдері және басқа мүдделі тұлғалар деңгейінде өтті.

Конкурстың негізгі шарттары болып:
- Қазақстан Республикасында жүзеге асатын ең үздік бастамашы әлеуметтік жобаларды анықтау;
- ұсынылған әлеуметтік жобалардағы ең үздік практикаларды кең тарату;
-өзекті әлеуметтік мәселелерді шешуде мемлекеттің күшін, азаматтық қоғам, бизнес және азаматтардың өзін біріктіру.

Өңірлік байқаулардың жеңімпаздары Астанада өтетін салтанатты марапаттау рәсіміне қатысады.

Көрме жұмысына ҚР Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, жергілікті атқарушы органдардың, "Нұр Отан" партиясының, "Атамекен" ҚР Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, ҚР жұмыс берушілер конфедерациясының өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар, оның ішінде өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға (отбасыларға) әлеуметтік көмек және қолдау шараларын көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асыратын қоғамдық бірлестіктер қатысады.

Іс-шара қиын өмір жағдайларына ұшыраған азаматтардың мәселесін шешуде азаматтық қоғамның назарын аударуға, олар үшін тең мүмкіндігі бар өмір сүруді қамтамасыз ету үшін және шығармашылық әлеуетті дамыту үшін бағыталған.


 


«Әлеуметтік аударымдар – жұмыспен қамтылған халықты адекватты әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету» тақырыбында өтетін республикалық семинардың аясында «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» атты республикалық көрмені өткізу туралы пресс-релиз

2017 жылдың 20-21 қыркүйегінде Астана қаласында «Әлеуметтік аударымдар – жұмыспен қамтылған халықты адекватты әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз ету» тақырыбына республикалық семинар (бұдан әрі – Семинар) өтетін болады.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі және "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры"АҚ болып табылады.

Семинарды өткізудің мақсаты мынадай негізгі сұрақтарды талқылау болып табылады:

- сақтандыру принциптері мен әлеуметтік әділеттілікті сақтай отырып әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жетілдіру;

- халықты әлеуметтік сақтандырумен қамтылуын кеңейтудегі жаңа тәсілдерін жүзеге асыру;

- әлеуметтік аударымдар, сақтандыру жарналары мен міндетті зейнетақы жарналарын төлеу мәселелері бойынша мемлекеттік кіріс органдарының міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру, сонымен қатар зейнетақымен қамтамасыз ету ұйымдарымен өзара әрекеттесу өзектілігі

- әлеуметтік қорғаудың қосымша түрін қамтамасыз ету мақсатында жұмыспен қамтылған халыққа міндетті төлемдердің уақтылы және толық төлену қажеттілігінің маңыздылығы.

Семинардың жұмысына ҚР Парламенті мен Үкіметінің, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың, жергілікті атқарушы органдардың, ҚР Кәсіподақтар федерациясының, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, сонымен қатар Халықаралық зейнеттік және әлеуметтік қорлар қауымдастығына мүше-елдердің өкілдері қатысады деп күтілуде.

Семинардың аясында «Қазақстанда іске асырылып жатқан үздік әлеуметтік жобалар» тақырыбына республикалық көрмені (бұдан әрі – Көрме) үздік әлеуметтік жобалардың авторларын марапаттау рәсімімен өткізу жоспарланып отыр.

Көрмені өткізудің мақсаты – мүгедектердің өмір сүру сапасын жақсартуға көмектесетін және қиын жағдайларға тап болған адамдарға, оның ішінде жасы келген, мүмкіндігі шектеулі, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына, көп балалы және аз қамтылған отбасыларына және т.б. (бұдан әрі – өмір сүру жағдайы қиын адамдар) нақты көмек көрсетуге бағытталған әлеуметтік тиімді, іске асырылып жатқан әлеуметтік жобаларды қолдау.

Көрмеге үкіметтік емес ұйымдар, оның ішінде қаржыландыру көздеріне байланыссыз өмір сүру жағдайлары қиын жандарға нақты әлеуметтік көмек көрсететін және әлеуметтік-көмекке мұқтаж, аз қамтылған жандарды (жанұяларды) қолдаумен айналысатын қоғамдық бірлестіктер қатысады.

Барлық өңірлерде үздік әлеуметтік жобаларды іріктейтін комиссиялар құрылды. Үздік әлеуметтік жобаларды іріктеу өңірлердегі комиссиялар деңгейінде жүзеге асырылады. Өңірлік конкурстардың жеңімпаздары Республикалық комиссияның қарауына ұсынылады және 2017 жылғы қыркүйекте Көрмеде көрсетілетін болады.


 


Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының 90 жылдығы мерейтойына арналған Симпозиум туралы пресс-релиз.

В г. Женеве 29-30 июня 2017 года состоялся Симпозиум, организованный Бюро Международной Ассоциации Социального обеспечения (далее-МАСО) по случаю празднования Юбилея 90-летия МАСО.

ХӘҚҚ мен Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының (бұдан әрі – ХЗӘҚҚ) тарихи серіктестігін ескере отырып, Симпозиумға ХЗӘҚҚ Төрайымы ретінде «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Президенті Дюсенова Сәуле Сағынтайқызы қатысты.

Халықаралық еңбек ұйымының бастамасымен ауыру жағдайына сақтандыру және 17 өзара сақтандыру қорларымен бірлесіп 1927 жылы құрылған ХӘҚҚ бүкіл әлем бойынша әлеуметтік қамсыздандыруды дамытуда ынтымақтасқан 158 елден 330 үкіметтік департаменттер мен мекемелердің басын біріктірген бірегей платформаға айналды.

ХӘҚҚ басшы органдары, ХӘҚҚ Бюросы сандық экономикадағы өзгерістерді, әлеуметтік қамсыздандырудың болашағын зерттеу мақсатында Женева қаласында ХӘҚҚ 90-жылдығын атап өту үшін Симпозиум өткізді.

Әлеуметтік сақтандыру халықаралық деңгейде стратегиялық және үйлестірілген жауаптарды талап ететін бірқатар жаһандық маңызды мәселелермен шұғылдануда. Әсіресе, сандық экономикамен келтірілген өзгерістер әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі мен басқаруға маңызды әсерін тигізуде.

Симпозиум барысында әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Польша мен Уругвай әлеуметтік қорғау жүйесіндегі мемлекеттік әлеуметтік сақтандыруды ұйымдастыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасу жөнінде келіссөздер өтті.

Шарада «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Президенті және ХЗӘҚҚ Төрайымы Дюсенова Сәуле Сағынтайқызының дүние жүзінде әлеуметтік сақтандыруды дамытудағы ХӘҚҚ маңызды рөл атқаратыны жөнінде айтқан ойлары туралы Бас хатшы Ханс-Хорст Конколевскидің хатында ХӘҚҚ Бюро мүшелері жоғары бағалады.


 


Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында 2017 жылдың 04 шілдесінде жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша мобильді топ мүшелерімен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ орталық аппараты мен филиалдары қызметкерлерінің арасында жемқорлыққа бейнеконференция режимінде кездесу өткізілді

Мобильді топ құрамында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департамент басшысының орынбасары - Жазира Жылқышиева, «Нұр Отан» партиясы, париялық бақылау инспекторы – Серік Құлбаев қатысты.

Кездесуге «МӘСҚ» АҚ басшылығы, «МӘСҚ» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері және 16 өңірлік филиалдар қатысып бейне байланыс режимінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жж. арналған Жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі ережелері мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң түсіндірілді, жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдар туралы тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.

Спикерлер қатысушыларды белсенді түрде азаматтық позиция танытуға шақырды және жемқорлыққа қарсы күрес жалпы қоғамдық міндет деп атап көрсетті, ал жүргізіліп отырған жемқорлыққа қарсы саясат ұраны «Пара берме және пара алма» деп аталады.

Кездесу соңында ашық пікір алмасу болып, онда жемқорлыққа қарсы күрес, сонымен қатар ҚР халқының әлеуметтік қорғалуы сипатындағы мәселелерге тоқталды.

Соңғы 4 айда Қазақстан астанасында «Парасыз болашаққа. Бірге!» акциясы аясында арнайы жасақталған автобуста тұрақты түрде астана тұрғындары арасында жемқорлыққа қарсы мобильді топ ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.


 


«Әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін жетілдіру» республикалық семинарының жұмысы туралы пресс-релиз

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ жұмыскерлері 2017 жылғы 28-30 мамыр кезеңінде «Әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қолдау көрсету жүйесін жетілдіру» тақырыбына семинардың (бұдан әрі – Семинар) жұмысына қатысты. Семинар 2017 жылға арналған Экономикалық зерттеулер бағдарламасы шеңберінде Дүниежүзілік Банкпен ұйымдастырылды.

Семинардың жұмысына Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармаларының, өңірлік халықты жұмыспен қамту орталықтарының, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ, «ЕРДО» АҚ қызметкерлері, Дүниежүзілік банктің өкілдері қатысты.

Семинарда өңірлерде «Өрлеу» жобасын іске асыру мәселелері, халықты жұмыспен қамту орталықтары арқылы шартталған ақшалай көмек ұсынудың жаңа тетігі, «Өрлеу» жобасын іске асыру және 2018 жылдан бастап жаңа үлгідегі адрестік әлеуметтік көмек көрсетуді енгізу бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу тұжырымдамасы талқыланды.

Қазіргі уақытта «Өрлеу» жобасы әлеуметтік көмек көрсету жүйесі шеңберінде іске асырылып жатыр, оның негізі аз қамтылған еңбекке жарамды азаматтардың жұмыпен қамсыздандыруға белсенді шараларға міндетті түрде қатысу шартымен әлеуметтік келісімшарт жасау арқылы адрестік әлеуметтік көмек көрсетуді жетілдіру болып табылады.

«Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесін кезең бойынша жаңғырту» семинарының сессиялық бөлігін жұмысы шеңберінде «Халықты міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту» тақырыбына баяндамамен «МӘСҚ» АҚ Президенті Дүйсенова С.С. сөз сөйледі.

Семинарға қатысушыларды халықты міндетті әлеуметтік сақтандырумен қамтуды кеңейту бойынша «МӘСҚ» АҚ қызметімен таныстырып, ол қолданыстағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы халықтың хабардарлығын арттыру, жұмыспен қамтылған халықтың жүйеге қатысу деңгейін арттыру, әлеуметтік төлемдер алушылардың санын көбейту Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қызметінің негізгі мақсаттары болып табылатынын атап өтті.

Семинардың жұмысы барысында «МӘСҚ» АҚ мамандарының Семинардың жұмысына қатысқан құрылымдардың жұмыскерлерімен әлеуметтік мәселелер бойынша тәжірибе алмасуға және біріккен қызмет сұрақтарын талқылауға мүмкіндіктері болды. Әсіресе, жұмыспен қамту орталықтарының мамандарымен жұмыстан айырылу бойынша үйлесімді қызметтерді белгілеу бойынша, еңбекке жарамдылықты жоғалту және әлеуметтік төлемдерді белгілеудің әртүрлі рәсімдік аспектілері бойынша үйлесімді қызметтерді – ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттерінің жұмыскерлерімен, және т.б.

Наверх