ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ

Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚҚ) - мақсаты халықты әлеуметтік қорғау саласында бірыңғай саясатты жүзеге асыратын халықаралық ұйым. Сонымен қатар, ол әлеуметтік бағыттағы шаралар мен басқа да халықаралық ұйымдардың жұмысына белсене қатысады.

ХӘҚҚ халықтың нақты қажеттіліктеріне бейімделген әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің форумы ретінде 1927 жылы құрылды.

ХӘҚҚ 150 елден 320 жуық ұлттық әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерін біріктіреді. 1955 жылдан бастап барлық ұйымдарды аффилирленген және ассоциацияланған мүшелерге бөлу қолданылады.

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ 2012 жылдан бастап аффилирленген мүше ретінде қатысады. Сонымен бірге, Қазақстаннан «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ («БЖЗҚ» АҚ) және «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы да ХӘҚҚ аффилирленген мүшесі болып табылады. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ХӘҚҚ-ның ассоциацияланған мүшесі болып табылады.

Қауымдастық жұмысында 13 тұрақты техникалық комиссия маңызды рөл атқарады (Жарналарды жинау және бақылау, Жұмыспен қамту саясаты және жұмыссыздықтан сақтандыру, Отбасылық жәрдемақы, Ақпараттық және коммуникациялық технологиялар, Өндірісте жазатайым оқиғалардан сақтандыру және кәсіптік ауру, Әлеуметтік қамсыздандыру қорларын инвестициялау, медициналық қызмет көрсету және ауырудан сақтандыру, Өзара көмек қоғамы, Кәріліктен, мүгедектіктен және асыраушысынан айырылуы жағдайын сақтандыру, Ұйымдастыру, басқару және инновациялар, Саясатқа және зерттеуге талдау, Статистикалық, актуарлық және қаржылық зерттеу, Алдын алу бойынша арнайы комиссия).

Бас Ассамблея, Кеңес және бюро ХӘҚҚ Жарғылық органдары болып табылады. Қауымдастықтың Штаб-квартирасы Женева қаласында орналасқан.

Қауымдастықтың жоғары лауазымдық тұлғалары Президент, Бас хатшы және Қазынашы.

ХӘҚҚ Халықаралық еңбек ұйымымен, БҰҰ экономикалық және әлеуметтік кеңесімен, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен және басқа да халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастықта.

Өмірбаяндар

Мохаммед Азман бин Азиз Мохаммед - Президент МАСО
Марсело Аби-Рамиа Каэтано – Генеральный секретарь МАСО
Жан-Марк Ванденберг - казначей МАСО

Ресми сайты https://www.issa.int/ru

Наверх