«Астана Innovations» АҚ мен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры,азаматтарға қызмет көрсету деңгейін жақсарту және ақпараттың қол жетімділігін арттыру мақсатында, «Smart Astanа» ұялы қосымшасында әлеуметтік төлемдерді тағайындауға берген құжаттарды қарастыру барысы туралы қызметті әзірледі.

Тексеріс жасау үшін жеке сәйкестендіру нөмірді (ЖСН) теріп, төлем түрін-еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жұмысынан айырылу, жүктілігі және босануы бойынша немесе 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты-таңдау жеткілікті.

Қызмет www.gfss.kz сайтының «Электрондық қызметтер/Әлеуметтік төлемдердің тағайындалу барысы туралы» ақпарат бөлімінде де қолжетімді

«Smart Astanа» ұялы қосымшасы пайдаланушылардың маңызды және өзекті смарт-сервистеріне ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін және интерактивті ақпаратқа қол жеткізу үшін құрылды.

«Smart Astanа» ұялы қосымша Android және IOS жүктеу үшін келесі сілтемелер бойынша қол жетімді:

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.citysoft.smartastana 

https://itunes.apple.com/us/app/smart-astana/id1080928295?l=ru&ls=1&mt=8

Наверх