Без названия (1)

2023 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Өмір сүру сапасын жақсарту, мемлекет, бизнес және азаматтар арасындағы жаңа әлеуметтік келісімшартты қалыптастыру» атты дөңгелек үстел өтті, онда «МӘСҚ» АҚ Бас директоры Кемел Нұрсұлу баяндамашы ретінде қатысты.

Н.Кемел өз баяндамасында Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің күшіне енуіне байланысты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі жаңалықтарды атап өтті.

Міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын тұлғалардың санаты кеңейтілді. Осылайша, 2023 жылдың 1-шілдесінен бастап қозғалу қиындығы бар 1- топтағы мүгедектерді алып жүретін жеке көмекшілер, ал 2025 жылдың 1-қаңтарынан бастап азаматтық-құқықтық келісім-шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар жүйеге қатысады және олар әлеуметтік қатерлер туындағанда әлеуметтік төлемдер алатын болады.

Маңызды өзгерістер қатарында 2023 жылдың 1-қаңтарынан бастап бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем мерзімін бір жастан бір жарым жасқа дейін ұлғайту болды. Сондай-ақ жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлемді есептеу үшін кірісті ауыстыру коэффициенті 45%-ға дейін ұлғайтылды.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындауға электронды түрде өтініш берген кезде төлемді тағайындау мерзімі 8-ден 4 жұмыс күніне дейін қысқарады.

Әлеуметтік төлемге жүгінушіні өтініш беру кезеңінде ол үшін түскенн әлеуметтік аударымдар сомасымен таныстыру тетігі енгізілуде.

Сондай-ақ, төлеуші артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдарды қайтармаған жағдайда, кейіннен төлеушіге қайтару мүмкіндігі туралы хабарлай отырып, әлеуметтік аударымдарды төмендетуге бағытталған түзету енгізілді.

Бұл өзгерістердің барлығы мемлекеттік қызмет көрсету үдерісін жетілдіруге бағытталған.

Наверх