KIOSH - G2B (Government to Business) және B2B (Business to Business) форматында жоғары мемлекеттік және бизнес деңгейінде еңбек қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мәселелер талқыланатын орталықтандырылған, тиімді диалог алаңы.

Биылғы конференцияның басты тақырыбы - «ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІПТІК ҚАУІПСІЗДІК: ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ».

Конференцияда кәсіпорындарда өндірістік жарақат алуды қысқартуға бағытталған мемлекеттік органдар, кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерлерін біріктіру, өндіріс орындарындағы апаттар қаупін азайту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, қоршаған ортаға және қоғамға залал келтіретін, кәсіби ауруларды болдырмауға, өнімділікті арттыруға бағытталған мәселелер жан-жақты қаралған болады.

Қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау және кәсіби жарақат алуды азайту Үкіметтің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басты міндеттерінің бірі болып табылады.

Көрмеде Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия елдерінен 38 компания жеке қорғану құралдарын, тоқыма бұйымдарын, жабдықтарды қойып, оңалту және профилактика өнімдерін өндірушілер мен жеткізушілер, оқу компаниялары, орталықтар қызметі көрсетілген.

Әр жылда өтіп келе жатқан бұл көрмеге бүгінге дейін алыс және жақын шетелдерден 10 мемлекеттен 400 компания қатысқан. Көрмеге 10 мыңдай адам келген.

Наверх