Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры (МӘСҚ) 2018 жылдың 1-тоқсанында өзінің алушыларына 43,7 млрд. теңге әлеуметтік төлем төледі.

Оның ішінде ең көп төлемдер ана мен баланы қолдауға бағытталды. 51 мыңға жуық әйелге жүктілігіне және босануына байланысты демалыстың ақысы төленді, ал 1 жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне төлемді 250 мың азамат алды. Осы мақсатқа барлығы 37,7 млрд. теңге жұмсалды.

Сонымен қатар, осы кезеңде 71,5 мың адам еңбек ету қабілетінен айырылуына, 40 мың адам – ата-анасының біреуінен немесе екеуінен айырылған балаларға төлем, 14 мың адам – жұмысынан айырылуына байланысты төлемдер алды. Бұған 6 млрд.теңге бөлінді.    

 Бұл төлемдер жұмыс берушілердің өз қаражаты есебінен төлейтін әлеуметтік аударымдар есебінен жүзеге асырылады.2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік аударымдардың мөлшерлемесі 5 %-дан 3,5%-ға төмендеді.

Наверх