Қазақстан Республикасы Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау министрлігінің ұйымдастыруымен Əлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай шағын футболдан "Enbek cup-2018" турнирі өтті.

Турнирдің ашылу салтанатына арнайы келген Еңбек жəне халықты əлеуметтік қорғау вице-министрі Мұқышев Нариман Нұрланұлы, «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы төрағасының орынбасары Шыңғыс Қожахметов, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы "Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" төрағасының орынбасары Доспаев Мақсұт Зинелғабиұлы ашылу салтанатында арнайы сөз алып, турнир қатысушыларына сəттілік пен жеңіс тіледі.

Аталмыш турнирде Министрліктің Орталық аппараты, Еңбек, əлеуметтік қорғау жəне көші-қон комитеті, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы, Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қоры, Мемлекеттік аннуиеттетік компаниясы, Республикалық еңбек ғылыми-зерттеу институты құрама командалары бақ сынады.

Спорттық додада турнир кубогын Еңбек ресурстарын дамыту орталығы командасы жеңіп алса, 2-тұғырға Мемлекеттік аннуитеттік компания арнасы жайғасты. Ал үшінші жүлделі орын Мемлекеттік əлеуметтік сақтандыру қоры жігіттеріне бұйырды.

Наверх