Марафонның басты мақсаты мүгедек балаларға медициналық көмек беруге қаражат жинау. Әрбір қатысушы салауаттық өмір салтын қолдап, қайырымдылық жобасына өз үлесін қосты.

Марафонға қатысушылардан түскен барлық қаражат ерекше қажеттіліктері бар балаларға медициналық көмек көрсететін «BI Жұлдызай» қайырымдылық қорына аударылады.

«BI Жұлдызай» Қорының маңызды бастамаларының бірі медициналық және әлеуметтік жоба болып табылады. Оның аясында мүгедек балаларға отандық және шет елдердің мамандары медициналық көмек көрсетеді. Қор шетелден жоғары білікті мамандарды шақыра отырып, хирургиялық оталарды төлейді. «BI-Жұлдызай» медициналық оңалту орталықтарда логопед-дефектолог, уқалаушы, «Томатис терапиясының» дәрігері, ортопед, невропатолог, ине терапиясы дәрігерлерінің кабинеттері ашық. Емдік дене шынықтыру залы да қызмет көрсетуде, онда церебральді сал ауруы, Даун синдромы, гидроцефалия синдромы және т.б. ауруларға шалдыққан балалар оңалту ем-шараларын қабылдайды.

Наверх