8 наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаныңда, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында салтанатты құттықтау шарасы өтті.

Салтанатты шара «МӘСҚ» АҚ Президенті А.М. Құрмановтың құттықтау сөзімен басталды. Құттықтау барысында Президент шуақты көктемнің алғашқы мерекесі «Халықаралық әйелдер күні» ең сүйікті мейрам екенін атап өтті. Бұл мейрам өзімен бірге шынайы сұлулық пен нәзіктік әкелетінін еске салды. Сонымен қатар, қордың Президенті қызметкерлерге бақыт, мол махаббат, қажымас қайрат пен отбасыға береке тіледі.

Шара барысында ерлер қауымы бірігіп қонцерттік бағдарлама өткізді. «МӘСҚ»-ның аруларына арнап өлең оқып, ән шырқап, домбыра тартып және тәтті тағамдар жасады. Оған қоса облыстық филиалдар директорлары құттықтау сөздерін айтып, шараға өз үлестерін қосты.

Салтанатты жиналыс қуаныш пен шаттыққа толы мейрам ретінде өтті.

Наверх