2019 жылдың 6 айындағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жасаған төлемі 97,1 млрд. теңгені құрады.

Жүктілік пен босануға жұмсалған қаржы 38,3 млрд. теңгеге жетсе, баланың 1 жасқа толуына байланысты күтіміне 45,1 млрд. теңге қарастырылып, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 6,7 млрд теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 4,8 млрд. теңге, жұмыссыз қалу жөнінен 2,2 млрд теңге шығындалған.

Аталған Қордан жүктілік пен босануға жасалған орташа 412 327,3 теңге төлемді 102,0 мың қазақстандық алды.

Бір жасқа толуға байланысты бала күтіміне 31 336,9 теңге әлеуметтік төлем 313,9 мың азаматқа берілді.

Жұмыссыз қалу жөнінен 38,1 мың адамға бөлінген төлемнің орташа сомасы 22 736,0 теңгені межеледі.

Асыраушысынан айырылу бойынша 44,7 мыңнан астам қазақстандыққа төленген сома көлемі орташа алғанда 17 550,2 теңге болды. Сонымен қатар, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 80,3 мың азаматты қамтамасыз еткен әлеуметтік төлемнің орташа мөлшері 14 853,9 теңгені көрсетті.

Еске сала кетсек, елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың жұмысшы табын әлеуметтік қорғаудың қосымша тетігі ретінде енгізілді.

Наверх