2019 жылдың 8 айында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 5,9 млн. қатысушыдан жалпы сомасы 161,9 млрд. теңге әлеуметтік аударым түсті. Төлеушілер әлеуметтік аударымдарды уақытында және толық аудармағаны үшін жалпы сомасы 0,3 млрд. теңге өсімақы төледі.

2019 жылдың 8 айында бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер саны 171,4 мың адамды құрады.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 2019 жылдың 8 айында төленген әлеуметтік төлемдер сомасы 129,9 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде:

- асыраушысынан айырылуы жағдайына – 6,3 млрд. теңге (төлемдердің жалпы көлемінен 4,9% ),

- еңбек ету қабілетінен айырылуы жағдайына – 9,1 млрд. теңге (7%),

- жұмысынан айырылуы жағдайына – 2,9 млрд. теңге (2,3%),

- жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылуы жағдайына - 52,1 млрд. теңге (40,1%),

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына – 59,5 млрд. теңге (45,8%).

МӘСҚ-нан жүктілігіне және босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына төленген әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 416 400 теңге, ал төлем алушылар саны 134,7 мың адамды құрады.

Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына төленген әлеуметтік төлемдердің орташа мөлшері 31 052 теңгені құрады, төлемді 353,8 мың. адам алған.

Жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемдерді 47 мың адам алған, оның орташа мөлшері – 22 401 теңгені құрады.

45,6 мыңнан аса қазақстандық асыраушысынан айырылуы жағдайына төлемдермен қамтамасыз етілді, оның орташа мөлшері 17 578 теңге болды.

Сонымен бірге 82,9 мың азамат еңбек ету қабілетінен айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем алды, төлемдердің орташа мөлшері 14 855 теңгені құрады.

Сонымен қатар еңбекке ету қабілетінен айрылғанда және асыраушысынан айрылғанда мемлекеттік бюджеттен де төлемдер жүргізіледі.

Наверх