2017 жылдың қаңтар-маусым айларындағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жасаған төлемі 76,1 млрд. теңгені құрады. Жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жұмсалған қаржы 31,6 млрд. теңгеге жетсе, баланың бір жасқа толуына байланысты күтіміне 34,7 млрд. теңге қарастырылып, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 4,9 млрд теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 4,0 млрд. теңге, жұмыссыз қалу жөнінен 0,9 млрд теңге шығындалған.

Аталған қордан жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жасалған орташа 326 мың 659 теңге төлемді 95,9 мың қазақстандық алды.

Бір жасқа толуға байланысты бала күтіміне қажет 23 мың 867 теңге әлеуметтік төлем 286,1 мың азаматқа берілді.

Жұмыссыз қалу жөнінен 14,4 мың адамға бөлінген әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 19 мың 046 теңгені межеледі.

Асыраушысынан айырылу бойынша 37,9 мыңнан астам қазақстандыққа төленген сома көлемі орташа алғанда 14 мың 993 теңге болды. Сонымен қатар, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 71,5 мың азаматты қамтамасыз еткен әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 12 мың 001 теңгені көрсетті.

Еске сала кетсек, елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру, халықтың жұмысшы табын әлеуметтік қорғаудың қосымша тетігі ретінде енгізілді. ҚР ЕХӘҚМ құрамындағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің тәуекел жағдайы туындаған қатысушыларына әлеуметтік аударымдар мен төлемдер жасаумен айналысады.

Наверх