2019 жылдың I тоқсаныңда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жасаған төлемі 47,0 млрд. теңгені құрады.

Жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жұмсалған қаржы 17,0 млрд. теңгеге жетсе, баланың бір жасқа толуына байланысты күтіміне 23,2 млрд. теңге қарастырылып, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 3,4 млрд теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 2,4 млрд. теңге, жұмыссыз қалу жөнінен 1,0 млрд теңге шығындалған.

Аталған Қордан жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жасалған орташа 407 425 теңге төлемді 49,1 мың қазақстандық алды.

Бір жасқа толуға байланысты бала күтіміне қажет 32 023 теңге әлеуметтік төлем 256,7 мың азаматқа берілді.

Жұмыссыз қалу жөнінен 20,9 мың адамға бөлінген әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 25 396 теңгені межеледі.

Асыраушысынан айырылу бойынша 43 мыңнан астам қазақстандыққа төленген сома көлемі орташа алғанда 17 577 теңге болды. Сонымен қатар, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 76,2 мың азаматты қамтамасыз еткен әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 14 856 теңгені көрсетті.

Наверх