Какой должна быть зарплата, чтобы получать пенсию от 150 тыс. тенге |  Inbusiness

 

2021 жылдың қорытындысы бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) 1,1 млн.алушыға 338,8 млрд. теңге әлеуметтік төлем төленді.

Еңбек ету қабілетінен айырылуы жағдайына МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу тәуекелі туындаған кезде бюджет қаражатынан мүгедектігі бойынша төленетін мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің (бұдан әрі - МӘСЖ) қатысушысына тағайындалады. Төлемді тағайындау үшін мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде Медициналық - әлеуметтік сараптама бөлімшесіне жүгінуге болады. 2021 жылы МӘСҚ-дан аталған төлемді 26,9 млрд.теңге сомаға 94,7 мың адам алды.

Асыраушысынан айырылуы жағдайына МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем бюджет қаражатынан берілетін асыраушысынан айырылу бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыға қосымша қайтыс болған МӘСЖ қатысушысының асырауындағы адамдарға тағайындалады. Төлемді тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" Мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) жүгінуге болады. 2021 жылы МӘСҚ-дан аталған төлемді 17,7 млрд.теңге сомаға 57,7 мың адам алды.

Жұмысынан айырылуы жағдайына МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем жұмыссыз ретінде тіркелген МӘСЖ-нің қатысушысына тағайындалады. Төлемді тағайындау үшін:

- егер адам жұмыссыз ретінде тіркелсе, Мемлекеттік корпорацияға; 

- жұмыссыз ретінде тіркелген кезде Халықты жұмыспен қамту орталығына;

- жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәлімет болған жағдайда egov.kz веб-порталы арқылы;

- «Электрондық еңбек биржасы" порталы арқылы (enbek.kz) жүгінуге болады.

Төлемді тағайындау кезеңі МӘСЖ жүйесіне қатысу өтіліне байланысты және бір айдан алты айды қоса алғанға дейін тағайындалады. Төлем мөлшері соңғы екі жылдағы орташа табыстың шамамен 40% - ын құрайды. 2021 жылы МӘСҚ-дан аталған төлемді 16,2 млрд.теңге сомаға 105,7 мың адам алды.

Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға байланысты кірісінен айырылуы жағдайына МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік төлем жұмыс беруші белгілеген жүктілігі және босануы бойынша уақытша еңбекке жарамсыздық парағы (бұдан әрі-еңбекке жарамсыздық парағы) негізінде МӘСЖ қатысушы жұмыс істейтін әйелдерге тағайындалады.

2021 жылы осы бірреттік төлемді жалпы сомасы 123,6 млрд теңгеге 225,5 мың болашақ ана алды. Оның мөлшері соңғы 12 айда МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар төленген кіріске және еңбекке жарамсыздық парағына сәйкес еңбекке жарамсыздық күндерінің санына байланысты болады.

Сондай-ақ, 2021 жылы МӘСҚ-дан 662,8 мың алушыға бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына жалпы сомасы 154,5 млрд теңгеге ай сайынғы әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

Бұл төлемнің мөлшері соңғы 2 жыл ішінде МӘСҚ-ға әлеуметтік аударымдар төленген орташа айлық табыстың 40% құрайды. Заңнамада төлемнің ең төменгі мөлшері – осыған ұқсас 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төленетін ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы деңгейінде белгіленген және оған міндетті зейнетақы жарналарының (бұдан әрі – МЗЖ) сомасы қосымша аударылады. Төлемнің ең жоғары мөлшері - тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының жеті еселенген мөлшерінің 40% - ынан аспайды, яғни 2022 жылы – 168 мың теңге.

Асыраушысынан айрылған жағдайды қоспағанда, жоғарыда көрсетілген тағайындалатын әлеуметтік төлемдерден МЗЖ ұсталады және алушының Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы шотына аударылады.

МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәсілдерінің бірі-азаматтардың мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүгінбей, өтінішсіз проактивті формат болып табылады. Мұндай жағдайларда азаматтардың ұялы телефонына төлемдерді ресімдеуге қатысты sms-хабарлама келеді және оған келісім беру қажет.

Проактивті қызмет көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланысының абоненттік телефон нөмірі Электрондық үкімет (egov.kz) порталында тіркелген жағдайда, МӘСҚ-ға соңғы 24 айда, ал жүктілігі мен босануы бойынша соңғы 12 айда түскен әлеуметтік аударымдардың болуы, әлеуметтік тәуекелдің басталуы, сондай-ақ банк шотының нөмірі туралы ақпараттық жүйелерден мәліметтер болған жағдайда көрсетіледі.

Сондай-ақ, баланың туу туралы куәлігін алғаннан кейін, электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда, 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемді egov.kz. арқылы ресімдеуге болады.

Бұл ретте, құжаттарды қағаз түрінде беру ыңғайлы болатын адамдар үшін тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік корпорацияның бөлімшелері арқылы өтініш берудің дәстүрлі тәсілдері де бар.

МӘСҚ-тан төленетін барлық төлемдер туралы толық ақпаратпен www.gfss.kz интернет-ресурсынан білуге болады .

Наверх