Картинка

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі - МӘСҚ) жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемге құқық денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен берілген, еңбекке жарамсыздық парағында көрсетілген демалыс күнінен бастап туындайды.

Еңбекке жарамсыздық парағы ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылдың 18 қарашасындағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларының 57-тармағына сәйкес әртүрлі мерзімдерге беріледі.

Осылайша, МӘСҚ медициналық ұйым берген еңбекке жарамсыздық парағына сәйкес жүктілікке және босануға байланысты еңбекке жарамсыздықтың барлық күндеріне төлем жасайды.

Наверх