Кездесу барысында Қордың бас директоры Кемел Н.М. Қор қызметінің қорытындылары және алдағы уақыттағы басым міндеттері туралы баяндама жасады. Отырыс барысында әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету, әлеуметтік аударымдарды төлеушілермен жеке жұмыс жүргізу, сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын еңбек ұжымдарында, тұрғындар арасында және порталдар, Қордың интернет-ресурсы мен әлеуметтік желідегі аккаунттар арқылы ақпараттарды орналастыру мәселелері талқыланды.

Министр Дүйсенова Т.Қ. Әлеуметтік кодекс жобасының негізгі бағыттары туралы баяндап, Қордың қызметін жетілдіру мақсатында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесін қамтуды кеңейту үшін ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту, әлеуметтік аударымдарды төлеушілерге, атап айтқанда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санаттарына тиісті талдау жүргізу, сондай-ақ жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.

IMG_6924
IMG_6927
IMG_6922
IMG_6931
IMG_6926
Наверх