2023 жылғы 22 желтоқсанда ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Бірінші вице-министрі А.А. Сарбасовтың қатысуымен 2023 жылғы МӘСҚ қызметінің қорытындылары мен алдағы уақыттағы басым міндеттеріне арналған алқа отырысы өтті.

Кеңесте басты баяндаманы МӘСҚ Бас директоры Н. Кемел жасады.

2023 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша елімізде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен шамамен 6,8 млн. жұмыс істейтін азамат қамтылды.

ҚР Әлеуметтік кодексінің шеңберінде міндетті әлеуметтік сақтандыруға жататын адамдар аясы кеңейтілді – 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап жүйеге 1-топтағы мүгедектігі бар адамдарға күтім жасайтын жеке көмекшілерді, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жүйеге азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыс істейтін адамдарды қамтитын болады.

МӘСҚ-дан әлеуметтік тәуекелдердің 6 түрі бойынша шамамен 1,2 млн. алушыға 682,6 млрд.теңге сомаға әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

2023 жылы еңбекке қабілеттілігінен айырылған 92 мың адамның және асыраушысынан айырылған 61 мың отбасының төлем мөлшері жылдық мәнде 23%-ға арттырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмалары іске асырылды, бала күтіміне арналған әлеуметтік төлемнің ұзақтығы бір жарым жылға дейін ұзартылды, жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемді есептеу үшін кірісті алмастыру коэффициенті 45%-ға дейін арттырылды.

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап ҚР Әлеуметтік кодексінің шеңберінде электрондық нысанда көрсетілген мемлекеттік қызметтерді көрсету мерзімі 4 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Есепті кезеңде әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша электрондық қызметтердің үлесі 59%-ға жетті.

Кеңес қорытындысы бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші Вице - министрі А. А. Сарбасов азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсетудің уақтылығы мен сапасын қамтамасыз ету, оның ішінде электрондық қызметтерді дамыту, өңірлерде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу және т. б. тапсырмалар берді.

Кеңес жұмысына 80 жуық адам қатысты.

Наверх