Осы жылдың 21 желтоқсанында МӘСҚ Бас директоры Н. Кемелдің төрағалығымен МӘСҚ өңірлік филиалдарымен жұмыс кеңесі өтті. Кеңесте МӘСҚ өңірлік деңгейдегі қызметінің іске асырылатын бағыттарының тиімділігі, оның ішінде көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттырудың қолданыстағы құралдары, әлеуметтік аударымдарды төлеушілермен өзара байланыс, өңірлерде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу және т. б. мәселелер қаралды.

МӘСҚ филиалдары өз қызметтеріндегі озық тәжірибелерімен алмасып, әлеуметтік төлемдерді тағайындау барысындағы проблемалық мәселелерді айқындады, тиісті жауаптар мен түсініктемелер алды.

«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-ның кеңеске қатысушылар үшін өткізген әлеуметтік-еңбек саласының жетекші ақпараттық жүйелерінің жұмысымен таныстыруы бүгінгі күннің қорытындысы болды.

Наверх