2018 жылдың 11 қазанынан бастап ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы № 683 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару Ережесi (бұдан әрі - Ереже) «Әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылдың 2 шілдесіндегі № 165-VІ Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес «Мiндетті әлеуметтiк сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкестендірілді.

Негізгі өзгерістер мен толықтырулар:

1) әлеуметтiк аударымдар жүргiзілген міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушының табысына салық салуға жатпайтын төлемдердiң жекелеген түрлерінiң қосылуына байланысты артық (қате) төленген әлеуметтік аударымдардың және (немесе) өсімпұл сомаларын төлеушi кейiнгi төлемдердi реттеу арқылы дербес түзеу туралы нормасын алып тастау;

2) қате төленген әлеуметтік аударымдарды қайтару тәртібін өзгерту, атап айтқанда:

-әлеуметтік аударымдарды қайтаруға өтініш формасы өзгерді (1 қосымша);

-өтінішке әлеуметтiк аударымдардың төленгені туралы төлем құжатының көшiрмесi қажет етілмейді;

-өтінішке қажеттілігіне сәйкес еңбек қызметінің басталуын/тоқтатылуын растайтын құжаттың көшірмесі қоса беріледі;

-өтінішке қажеттілігіне сәйкес шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларацияның (910.00 нысаны) немесе әлеуметтік аударымдарды және (немесе) өсімпұлдарды қайтару кезеңі үшін патент құны есебінің (911.00 нысаны) көшірмесі;

Сонымен қатар, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енгізілетін Ережеде мемлекеттік кіріс органдарымен әлеуметтік аударымдар сомасын қайтару тәртібі өзгертілді, атап айтқанда:

- тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес төлеушілерге қарыз сомасы туралы хабарлама жіберу;

-тәуекелдерді басқару жүйесіне сәйкес мемлекеттік кіріс органдарының әлеуметтік аударымдар бойынша берешекті өтемеген жағдайда шығын операцияларын тоқтату тәртібінің өзгеруі;

-касса бойынша шығын операцияларын тоқтату тәртібі.

Наверх