Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 қыркүйектегі № 603 Қаулысымен «Әлеуметтік аударымдарды есептеу және аудару ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 21 маусымдағы N 683 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгенін хабарлайды.    

Әлеуметтік аударымдарды төлеу шарты (Ереженің 7 тармағы) мынадай абзацтармен толықтырылды:

«Әлеуметтік аударымдарды есептеу кезінде тиындармен есептелген сомалар 1 теңгеге дейін дөңгелектенеді.»

Арнаулы салық режимін қолданатын шаруа немесе фермер қожалықтары, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын шағын бизнес субъектілері, патент негізінде арнаулы салық режимін қолданатын дара кәсіпкерлер ӘА сомасын Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген мерзімде төлейді.

«Бұл ретте әлеуметтік аударымдардың есептелген сомалары әлеуметтік аударымдар төленетiн ай сайынғы кезеңі (ай, жыл) көрсетіле отырып төленеді.»

Наверх