«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2018 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді:

1.Әлеуметтік төлемдерді төлеушілер біріздендірілді: жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор ҚР Салық кодексіне сәйкес, жеке практикамен айналысатын адамдар категориясына жатқызылды.

2.Әлеуметтік аударымдарды төлеушілер категориясы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеуші болып табылатын жеке тұлға болып кеңейді.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін өз пайдасына өздері төлейтін әлеуметтік аударымдардың мөлшері әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісінен 20 пайызды құрайды.

Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар үшін әлеуметтік аударымдарды есептеу объектісі - республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда, астанада – айлық есептік көрсеткіштің 1 еселенген мөлшері және басқа елді мекендерде айлық есептік көрсеткіштің 0,5 еселенген мөлшері болып табылады.

Бұл ретте тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген айлық есептік көрсеткіш мөлшері қолданылады.

3.Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына (МӘСҚ) бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ай сайынғы ең жоғарғы объектісі тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген он еселенген ең төменгі жалақы мөлшерінен жетіге дейін азайтылды.

01.01.2019 ж. бастап 1 МЗП = 42 500 теңге.

2019 жылы әлеуметтік аударымдардың ең жоғарғы мөлшері 3,5% * (7 * 42 500 теңге) = бір төлеушіден айына 10 413 теңгені құрайды.

Бір төлеушіден әлеуметтік аударымдарды есептеудің ең төменгі мөлшері 1 ЕТЖ деңгейінде сақталып қалды. Сәйкесінше, 2019 жылы әлеуметтік аударымдардың ең төменгі сомасы 3,5% * 42 500 теңге = айына 1 488 теңгені құрайды.

4.Еңбек ету қабілетінен айырылуы және асыраушысынан айырылуы жағдайларына әлеуметтік төлемдердің мөлшерін анықтағанда қолданылатын орташа айлық табыстан шегеру мөлшері ЕТЖ-ның 80%-нан 55%-ға дейін төмендеді.

5.Бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер үшін әр бір айдағы табыс ең төменгі жалақы деңгейіне жеткізіледі. Бұл бір айдағы табыс жүйенің барлық қатысушылары үшін түскен әлеуметтік аударымдар негізінде ескерілмейді (505 / 3,5 % әлеуметтік аударымдар ставкасы = 14 428 теңге қалалықтар үшін және 7 228 теңге ауылдықтарға), ал 1 ЕТЖ құрайтын болады (2019 жылы 42 500 теңге) деген сөз, яғни қалалықтар үшін 4 есе ал, ауылдықтар үшін 6 есеге артқан.

Сонымен қатар, бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілерге жұмысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемді қоспағанда, МӘСҚ әлеуметтік төлемдердің барлық түрі тағайындалуы мүмкін.

6.Бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлемнің ең жоғарғы мөлшері ЕТЖ жеті еселенген мөлшерінің қырық пайызынан аспау керек (2019жылы: 40% * 297 500 теңге = айына 119 000 теңге)

Наверх