2019 жылдың қаңтар айындағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының (бұдан әрі-Қор) жасаған төлемі 15,9 млрд. теңгені құрады.

Жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жұмсалған қаржы 6 млрд. теңгеге жетсе, баланың бір жасқа толуына байланысты күтіміне 7,7 млрд. теңге қарастырылып, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 1,1 млрд теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 777 млн. теңге, жұмыссыз қалу жөнінен 324 млн теңге шығындалған.

Қордан жүктілік пен босануға жасалған орташа 405 524 теңге төлемді 215 787 қазақстандық алды.

Бір жасқа толуға байланысты бала күтіміне қажет 32 528 теңге әлеуметтік төлем 18 088 азаматқа берілді.

Жұмыссыз қалу жөнінен 10 012 адамға бөлінген әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 27 598 теңгені межеледі.

Асыраушысынан айырылу бойынша 41 мыңнан астам қазақстандыққа төленген сома көлемі орташа алғанда 17 600 теңге болды. Сонымен қатар, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 71 578 азаматты қамтамасыз еткен әлеуметтік төлемнің орташа көлемі 14 847 теңгені көрсетті.

Наверх