2017 жылдың мамыр айында «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалдары еңбек ұжымдары мен жұмыс берушілердің өкілдері арасында 119 кездесу өткізді. Кездесулерге қатысқан кәсіпорындар жұмыскерлерінің жалпы саны 4074 адамды құрады.

Қор филиалдарының қызметкерлері ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттері ұйымдастырған жедел топ құрамында 30 көшпелі кездесуге қатысты.

Кездесулер мен семинарларда Қор қызметкерлері:

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының ережелеріне түсіндірме туралы;

Қордың қызметі туралы;

Қорға әлеуметтік аударымдар төлеу тәртібі туралы;

Әлеуметтік тәуекелдердің алты түрі бойынша Қордан әлеуметтік төлемдер төлеу тәртібі туралы;

Әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініш беру тәртібі туралы, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру саласындағы «композиттік» мемлекеттік қызметтер жөнінде ақпараттар берді.

Кездесу барысында кәсіпорындардың жұмыскерлері мынадай сұрақтар қойды:

- Әлеуметтік төлемдерден міндетті зейнетақы жарналары ұстала ма?

- Қандай жағдайларда республикалық бюджеттен, ал қандай жағдайларда «МӘСҚ» АҚ төлемдер төленеді?

- Әлеуметтік төлемдердің мөлшері немен байланысты?

- Әлеуметтік аударымдарды аудару кезінде қате табылған жағдайда қайтару қалай жүргізіледі?

- Зейнет жасына жеткен кезде әлеуметтік аударымдарды алуға бола ма?

- 2017 жылға әлеуметтік аударымдар бойынша қандай шектеулер бар?

- Әлеуметтік аударымдардың төленуін қандай орган бақылайды?

- Жеке тұлға өзі үшін әлеуметтік аударымдар төлей ала ма?

- Асыраушысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемдерді белгілеуге қандай мерзімде жүгінуге болады?

- Бала бір жасқа жеткенге дейін оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің ең аз мөлшері қандай?

- Егер адам жұмысқа шықса, жұмыстан айырылу бойынша төленетін төлем тоқтатыла ма?

- Егер әйел адам жұмысқа шықса, бала күтімі үшін төленетін әлеуметтік төлем тоқтатыла ма?

Қордың өкілдері барлық сұрақтарға өздерінің өкілеттіктері шегінде жан жақты жауаптар берді.

Наверх