image-20-10-23-06-15

Нұрсұлу Кемел өз сөзінде Қордың ағымдағы жылдың 9 айындағы қызметінің қорытындылары, Әлеуметтік кодекстің мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға бағытталған жаңа нормалары туралы айтып, жүйенің ағымдағы сын-қатерлері мен даму перспективаларын белгіледі.  

Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 4 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Есепті кезеңде әлеуметтік төлемдерді тағайындау бойынша электрондық қызметтердің үлесі 57% - ға жетті.

Әлеуметтік төлемдерді тағайындау барысында жұмыс беруші артық төленген әлеуметтік аударымдарды қайтаруды жүзеге асырмаған жағдайда, соңынан төлеушіні қайтару мүмкіндігі туралы хабардар ете отырып, әлеуметтік аударымдарды азайту жағына түзету тетігі енгізілді.

2023 жылғы 1 қазандағы жағдайға міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен 6,6 млн жуық жұмыс істейтін азамат қамтылған. Қордан 1 млн. астам алушыларға 543 млрд. теңге сомаға әлеуметтік төлемдер жүзеге асырылды.

Наверх