ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.К.Жақыпова 2023 жылғы 20 қарашада «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (Қор) ұжымымен көшпелі кеңес өткізді.

Кеңес барысында Министр С.К. Жақыпова зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлерді әлеуметтік қамсыздандыру тәсілдерін жетілдіру мәселелеріне тоқталып, өңірлерде жүргізіліп жатқан ақпараттық түсіндіру жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету, ақпараттық жүйелерді дамыту арқылы мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыру, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне жаңа қатысушыларды тарту қажеттілігі және т. б. мәселелер бойынша басым міндеттерді белгіледі.

Наверх