photo1660819630

2022 жылғы 18 тамызда Халықаралық зейнетақы және әлеуметтік қорлар қауымдастығының 30 жылдығына арналған халықаралық конференция өтуде. ТМД-ның 8 мемлекетінің атынан конференцияға қатысушылар өз елдеріндегі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелерін дамыту бойынша тәжірибе алмасып, жоспарларымен бөлісуде.

Конференция жұмысына «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры қатысып, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жетістіктері мен өзекті мәселелері жөнінде сөз сөйледі.

Нұрсұлу Кемел «Қазақстанда тәуелсіздік жылдары нарықтық экономика қағидаттарына сәйкес келетін және әлеуметтік қамсыздандыруда мемлекет, жұмыс беруші және жұмыскер арасындағы жауапкершілікті бөлуді көздейтін әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің көп деңгейлі моделі қалыптасты» деп атап өтті.

Наверх