Картинка

2008 жылдан бастап Қазақстанда ана мен баланы міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілді.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 2008 жылдан бері 2,3 млн. адам жүктілігі мен босануы бойынша жалпы сомасы 808,5 млрд. теңгеге және 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайға 3,3 млн. адам жалпы сомасы 922 млрд. теңгеге әлеуметтік төлем алды.

Аналарға ыңғайлы болу үшін төлемге өтініш берудің әртүрлі әдістері – egov.kz электронды үкімет порталы, ХҚКО, екінші деңгейлі банктердің (Kaspi Bank және Halyk Bank) мобильді қосымшалары, қызметті проактивті түрде алу үшін келісімді sms-хабарламамен растау арқылы жүзеге асырылуда.

Толық ақпаратты https://gfss.kz/ интернет-ресурсындағы «әлеуметтік төлемдер» бөлімінен алуға болады.

Наверх