Құрметті отандастар, сіздерді егеменді еліміздің ең ұлық мерекесі 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл ғасырлар бойы азаттықты аңсаған ата-бабамыздың арманы болған қастерлі мейрам. Еліміздің тәуелсіздігі жолында баһадүр бабаларымыз өршіл рух танытып, тарихта өшпес із қалдырды. Тәуелсіздік шежіресі – бүгінгі буын арқылы келер ұрпаққа жеткізілетін баға жетпес игілік.

Халқымыз үшін Тәуелсіздіктен артық қасиетті де қымбат ештеңе жоқ. Осыдан 27 жыл бұрын тарихи таңдау жасап, өз тәуелсіздігін жариялаған Қазақстан Республикасы бүгінде беделі биік, құқықтық, дербес демократиялық мемлекет ретінде төрткүл дүниеге танымал.

Тарихи өлшеммен алып қарағанда, өте қысқа мерзімде Қазақстан сан қырлы өзгерістер мен жаңаруларды бастан кешірді. Экономикамыз қарыштап дамып, елімізде саяси тұрақтылық қалыптасты.

Осы ұлы мерекенің қарсанында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры салтанатты жиын өткізді. «МӘСҚ» АҚ Вице-президенті Жәнібеков Марат Амангелдіұлы қызметкерлерді құттықтап, ізгі лебізін жеткізді.

Салтанатты жиын барысында адал еңбегін бағалау мақсатында МӘСҚ бірқатар қызметкерлері арнайы төсбелгілерімен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Мемлекет басшысының жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі М.Е. Әбілқасымова

«МӘСҚ» АҚ Президенті С.С. Дюсеноваға әлеуметтік саланың дамуына қосқан зор үлесі үшін «Парасат» орденін тапсырды.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, елдігіміз еңселі болсын!

Еліміздің аспаны ашық, керегесі кең болсын!Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға бақ пен береке, еңбектеріңізге толағай табыс тілейміз!

Наверх