Ағымдағы жылдың 16-18 сәуірінде Португалияда (Порту қ-сы) Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының Еуропалық аймақтық әлеуметтік қамсыздандыру форумы (бұдан әрі – Форум) өтті. Форум халықаралық сарапшылардың, халықаралық және өңірлік әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары өкілдерінің білім алмасу алаңын жасап, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы инновацияларды енгізудегі үздік жетістіктерді зерттеуге мүмкіндік берді. Форум аясында Қазақстанға «Отбасының цифрлық картасы», «Электрондық еңбек биржасы», «Әлеуметтік қызметтер порталы» жобалары бойынша Еуропадағы үздік тәжірибе үшін ХӘҚҚ сыйлығы лауреатының құрмет грамоталары табыс етілді. Форумға Қазақстан Республикасының атынан Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының Бас директоры А.А. Арғынғазинов, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты қызметкерлері қатысты.

photo_5262775573166544314_y

Наверх