2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек ету қабілетінен айырылған және асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшері 16 % арттырылды.

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда 62 678 алушылар және асыраушысынан айырылған жағдайда 37 424 алушылар арттырылған мөлшерде төлемдер алады.

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткішінің өсуіне байланысты бала 1 жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты төленетiн ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері арттырылды.   

2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап МӘСҚ төленетін бала 1 жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты әлеуметтік төлем алушылардың есептелген сомасы бала күтіміне байланысты ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақыдан кем есептелген 97 917 әлеуметтік төлем алушылар да ай сайынғы төлемдерді арттырылған мөлшерде алатын болады.

Наверх