Құрметті

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ сайтының оқырмандары!

Осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасында 2005 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейтін халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша түрі ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізілді.

Өткен жылдар мен жинақталған тәжірибе нақты бір жағдайларда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларына Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) әлеуметтік төлемдер төлеуді жүзеге асыра отырып, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қажеттілігін растағандығын айтуға мүмкіндік береді.

МӘСҚ міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің операторы бола отырып, әлеуметтік аударымдарды шоғырландырады және әлеуметтік төлемдерді төлеуді жүзеге асырады.

МӘСҚ әлеуметтік аударымдар 3,5 % мөлшерлемесімен төленеді. Әлеуметтік аударымдар жұмыскерлердің еңбек ақысынан ұсталмайды, жұмыс берушінің өз қаражаты есебінен аударылатынын атап өткім келеді.

МӘСҚ түскен әлеуметтік аударымдар қатаң түрде мақсатты тағайындалуы бойынша - еңбек ету қабілетінен, асыраушысынан айырылуы, жұмысынан айырылуы, жүктілігі және босануы бойынша немесе жаңа туған баланы (балаларды) асырап алумен, сондай-ақ 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты жағдайларға әлеуметтік төлемдер төлеуге жұмсалады.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жұмыс жасаған уақыттан бері МӘСҚ 950 млрд.теңгеге әлеуметтік төлем төленді, ал әлеуметтік төлем алушылар саны 3 905 697 адамға жетті.

Бүгінгі таңда міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық қатынастарының маңызды әрі қажетті элементіне айналды.

Әлеуметтік сақтандырумен жалдамалы немесе кәсіпкерлік қызметтен түсетін табысы бар, жеке еңбегі есебінен өмір сүретін адамдар ғана қамтылған.

МӘСҚ жұмыс істейтін халыққа қолдау көрсетуге арналған және әлеуметтік аударымдар – мүмкін болатын әлеуметтік тәуекелдерден сақтандырудың кепілі болып табылады.

С.С. Дюсенова «МӘСҚ» АҚ Президенті

Наверх