«МӘСҚ» АҚ мамандары Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы Техникалық комиссиясының Женева қаласында өткен 13-Форумының жұмысына қатысты

 

2019 жылдың 26-27 маусым аралығында Женева қаласында (Швейцария) Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының (бұдан әрі – ХӘҚҚ) Техникалық комиссиясының 13- Форумы өтті.

Қазақстан тарапынан ұйымдастыру, басқару және инновация бойынша Техникалық комиссия төрағасының орынбасары болып табылатын «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ вице-президенті А.З.Нығматулин және Халықаралық ұйымдармен жұмыс департаментінің директоры Мұкатаева Б.Қ. қатысты.

Форумның басты тақырыбы 2020-2022 жылдардағы үш жылдық кезеңге арналған Техникалық комиссиялардың жұмыс жоспарын әзірлеу және дамыту, осы жоспарларды жүзеге асыру мәселелерін қарау, ХӘҚҚ-на мүше елдердің әлеуметтік қорғау жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында инновациялық жетістіктерді қолдану болды.

Наверх