«МӘСҚ» Бас директоры А.Курманов ХӘҚҚ Бюросының 122- отырысының жұмысына қатысты

 

«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Бас директоры А.М. Курманов 2021 жылдың 30 маусымында Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (бұдан әрі –ХӘҚҚ) Бюросының 122- отырысының жұмысына онлайн режимде қатысты.

Отырыста ХӘҚҚ жалпы әкімшілік және стратегиялық мәселелері талқыланды.

ХӘҚҚ Бас хатшысы Марсело Аби-Рамиа Каэтано жақында бірқатар әлеуметтік қамсыздандыру мекемелерінің электронды кеңес беру арқылы ХӘҚҚ аффилиирленген және ассоцияланған мүшелігіне қабылданғанын атап өтті. Қабылдау туралы жаңа өтініштер мақұлданғаннан кейін ХӘҚҚ мүшелерінің жалпы саны 256 аффилиирленген мүше мен 66 ассоцияланған мүшені қоса алғанда, әлемнің 161 елінен 328 мүше мекемелерді құрайтын болады.

ХӘҚҚ есебінде 2021 жылдың 10 маусымына дейінгі нақты өткізілген шаралар туралы

Бас хатшы ХӘҚҚ өзекті басымдықтарына қатысты білімді жинақтауға бағытталған ХӘҚҚ аналитикалық нәтижелері туралы, сонымен бірге Covid-19 пандемиясына жауап ретіндегі әлеуметтік қамсыздандыру шаралары жөнінде айтты.

ХӘҚҚ-ның әртүрлі салалар мен өңірлердегі ұйым мүшелерінің жаңа басымдықтары мен өзгеріп отыратын қажеттіліктеріне жылдам ден қоюға мүмкіндік беретін талдамалық мақалалары ерекше маңызға ие.

ХӘҚҚ пандемия кезінде вебинарларын қатысушылар арасында озық тәжірибелер мен инновациялық шешімдер алмасуды қолдау үшін негізгі жаңа виртуалды формат ретінде сәтті іске қосқаннан кейін, ХӘҚҚ өзінің виртуалды қызметін нығайтуға және әртараптандыруға баса назар аударды.

Ұйымдардың кең ауқымымен бірлескен қызметтерінің айтарлықтай өскені атап өтілді. Оның ішінде, Халықаралық еңбек ұйымы (ХЕҰ), Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ), Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ), Еуроодақ одағы пен Африка одағы.

ХӘҚҚ қазынашысы кірістер мен шығыстар туралы жылдық есеп берді. Сонымен қатар, отырыста жалпы аудит жүргізілгені туралы хабарланды. Бұл ретте, Бақылау комиссиясы 2020 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған жылдық қаржылық есептіліктің швейцария заңнамасына және швейцарлық аудит 700 стандартына сәйкес келетінін растады.ХӘҚҚ Президенті Йоахим Бройер отырысқа қатысушылар мен ХӘҚҚ мүшелеріне әлемдегі пандемия жағдайында әлеуметтік қамсыздандырудың өзекті мәселелерін шешудегі белсенді жұмыстары үшін алғысын білдірді.

Наверх