2017 жылдың қаңтар-тамыз айларындағы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының жасаған төлемі 102,2 млрд. теңгені құрады.

Жүктілік пен босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға жұмсалған қаржы 42,6 млрд. теңгеге жетсе, баланың бір жасқа толуына байланысты күтіміне 46,6 млрд. теңге қарастырылып, еңбекке жарамсыздыққа қатысты 6,5 млрд теңге, асыраушысынан айырылу бойынша 5,2 млрд. теңге, жұмыссыз қалу жөнінен 1,3 млрд теңге шығындалған.

Еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда әлеуметтік төлем еңбек ету қабілетінен айырылудың барлық кезеңіне тағайындалады. Оған қоса, сарапшылар белгілеген жалпы еңбек қабілеттілігінен айырылу деңгейі де маңызды мәнге ие.

Асыраушысынан айырылуы жағдайына берілетін әлеуметтік төлем қайтыс болған ата-ананың балаларына кәмелеттік жасқа жеткенге дейін төленеді. Алайда, егер балалар күндізгі оқу орнының студенттері болып табылса, онда олар МӘСҚ-дан әлеуметтік төлемдерді 23-жасқа жеткенге дейін алатын болады.

Жұмысынан айырылуы жағдайына төленетін әлеуметтік төлем алу мерзімі – бір айдан бастап төрт айға дейін – және ол жұмысшының міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады.  

Төлемдер мерзімі штаттардың қысқартылуы, мекеменің таратылуы немесе өндіріс көлемдерінің төмендеуі бойынша жұмыстан босатылу жағдайларында алты айға дейін ұлғайтылды және бұл мерзімнің ұзартылуы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне 36 және одан да көп ай қатысу өтіліне ие жұмыскерлерге ғана қолданылды.

Бірақ, әлеуметтік төлемнің бұл түрі егер адам жұмыссыз ретінде есептен шығарылса тоқтатылуы мүмкін.

Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылуы жағдайына әлеуметтік төлем бір рет төленеді және әйелдің декреттік демалысының барлық күндерін қамтиды. Жаңа туған баланы (балаларды) асырап алу жағдайында адам декреттік демалыс және бала күтімі бойынша демалыспен байланысты МӘСҚ-дан төленетін барлық тиісті төлемдерді алады.

Сондай-ақ, МӘСҚ-дан берілетін қосымша қолдаудан өзге жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін ата-аналар дүниеге бала келгенде бюдж

Наверх