Сапалы әлеуметтік қызмет көрсетуден басқа "МӘСҚ" АҚ маңызды қызметінің басты бағыттарының бірі - қазақстандықтардың міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі туралы ақпараттандырылуын арттыру болып табылады.

МӘСҚ қызметкерлері еңбек ұжымдарымен, жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық бірлестіктермен кездесулер, бірлескен дөңгелек үстелдер, тұрғындар үшін көшпелі семинарлар өткізеді.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Ж.А. Әбішовтың басшылығымен МӘСҚ қызметкерлерінің қатысуымен Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің, Қарағанды облысы бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а., Қарағанды облысы бойынша Еңбек инспекциясы басқармасы басшысының м.а., Қарағанды облысы Кәсіпкерлері палатасының басшысы, «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік Корпорациясы» КЕАҚ Департаментінің директоры, Қарағанды облысы бойынша кәсіподақтар ұйымдарының өңірлік өкілдерімен бірлескен жұмыс кездесуі өткізілді.

 МӘСҚ мамандары қатысушыларды міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен халықтың қамтылуын арттыру жөнінде түсіндіру жұмыстары туралы және Қарағанды облысының Жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысынан айырылған жағдайда «композиттік» қызметтер көрсету бойынша ақпараттар берді.

 Жиналғандардың алдында МӘСҚ мамандары әлеуметтік аударымдардың уақытылы төленуінің, дағдарысқа қарсы штаб жұмысының маңыздылығына, мемлекеттік органдар мен МӘСҚ филиалдарының өзара жұмысының қажеттілігіне, кәсіподақтардың, Кәсіпкерлер палатасының жұмыстарына басты назар аударды.

Қарағанды облысы бойынша «МӘСҚ» АҚ филиалының презентациясы ұсынылды. Презентация нәтижесіне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасарына сөз берілді, ол берешектің пайда болу себептерін түсіндірді, сонымен қатар берешек сомасын төмендету туралы айтып берді. Қарағанды облысы бойынша Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы композиттік қызметтерді көрсету санын арттыру бойынша өткізілетін жұмыстар туралы хабарлады.  

Отырыс барысында дағдарысқа қарсы штаб жұмысының мәселелері талқыланды.

Кеңес қорытындысы бойынша «МӘСҚ» АҚ облыстық филиалының директорын Әлеуметтік серіктестік және әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша үшжақты комиссияның жұмыс тобының құрамына енгізу, Қарағанды облысы бойынша кәсіподақ ұйымдары мен «МӘСҚ» АҚ филиалының арасындағы меморандумға қол қою ұсынылды.

Облыс әкімінің орынбасары Қарағанды облысының қалалары мен аудандарының әкімдеріне әлеуметтік аударымдар бойынша берешек сомасын төмендету жөнінде селекторлық кеңес өткізуге тапсырма берді.

Сол күні облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы базасының негізінде «МӘСҚ» АҚ мамандары мен Қарағанды қаласының кәсіпкерлерімен кездесу ұйымдастырылды, кездесу барысында әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарының дұрыс төлену мәселелері қарастырылды, әлеуметтік-еңбек және салық саласындағы заңнамаларға өзгерістер енгізуге қатысты мәселелер қаралды. Кездесуге 30 жеке кәсіпкер қатысты.Сонымен қатар, мемлекеттік мекемелер мен ірі өндірістік кәсіпорындардың басшылары мен бухгалтерлерімен кездесу өткізілді. Кездесуге 31 жұмыс берушінің өкілдері қатысты. Қатысу аяқталғаннан кейін Қордың қызметкерлері қатысушылардың жұмыс барысында толғандыратын сұрақтарына жауап берді.

Наверх