«Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ орталық аппаратының және облыстық филиалдарының ұжымы Елбасы Н. Назарбаев ұсынған үш жаңғырту бағыттарын: құрамдас бөлігін (Конституциялық реформа), экономиканы жаңғыртуды (3.0 жаңғырту) және қоғамдық сананы («Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы) талқылау бойынша жұмыс жиналысын өткізді.

«МӘСҚ» АҚ елімізде болып жатқан масштабтық өзгерістердің маңыздылығын атап өтті.

Дүйсенова С.С. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласы елеулі қызығушылықты, белсенді қоғамдық пікірталасты қозғады және елде кең талқылаудың мәні болғанын атап өтті. Сондай-ақ мақала қазақстандықтарды көптен бері қобалжытып келе жатқан бірқатар сұрақтарға жауаптар беретінін, ұлттық идеяның мәні, біздің халық және мемлекет болып одан әрі дамудың мәні қалыптасуын ашатынын ескере отырып, елде маңызды әлеуметтік міндеттерді орындайтын мемлекеттік институт және қатысушылардың әрбіреуі өз елінің азаматы ретінде бола тұрып, алға қойылған міндеттерді іске асыруға қатысу үшін Дүйсенова С.С. Президент айқындаған бағыттардың мәнін түсінуге шақырды.

Н.Ә.Назарбаев Қазақстанның үшінші жаңғыруын жүзеге асыру шеңберінде саясат реформасы бағдарламасы және экономикалық жаңғыртудан кейін барлық қазақстандық қоғамның санасын жаңғырту масштабтық жобасын алға шығаруын ескере отырып, «МӘСҚ» АҚ Вице-Президенті Жәнібеков М.А. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың мақаласының уақтылығына және мақала «Біз кім?» деген сұраққа жауап беретініне назарын аударды.

«МӘСҚ» АҚ жұмысшыларының сөз сөйлеуін түйіндей отырып, қордың Президенті Дүйсенова С.С., Елбасының мақалада ұсынған рухани жаңғыртудың негізгі бағыттары – ұлттық бәсекеге қабілеттілігі, прагматизм, ұлттық сәйкестікті сақтау, білімге табыну, эволюциялық даму және сананың ашықтығы Қазақстан халқының адамгершілік негізін дамытуға маңызды жаңартпа болып табылады.

Жиналыстың қорытындылары бойынша ұжым біркүндік жалақыны тасқыннан зардап шеккендердің қолдауына аударуға шешім қабылдады, оны «МӘСҚ» АҚ барлық жұмысшылары бір дауыспен мақұлдады.

Наверх