ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 19 қазандағы № 925 қаулысын іске асыру аясында 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған ұзақ мерзімді әлеуметтік төлемдердің мөлшері 7% - ға артады.

Бүгінгі күнге еңбекке қабілеттілігінен айырылу бойынша 80,7 мың әлеуметтік төлем алушы және асыраушысынан айырылуына әлеуметтік төлем алатын 57,7 мың отбасы бойынша қайта есептеу аяқталды. 

Айта кету керек, әлеуметтік төлемдерді қайта есептеу алушылардан қосымша құжаттарды талап етпей-ақ, автоматтандырылған режимде жүргізілді.

Наверх