Мемлекет Басшысының Жолдауын іске асыру аясында 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап:

  • - жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлемді есептеу үшін қолданылатын кірісті алмастыру коэффициенті 40% - дан 45% - ға дейін арттырылды. Тұтастай алғанда ағымдағы жылы 117 мыңға жуық азаматқа жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем орта есеппен 13% - ға өсе отырып, арттырылған мөлшерде тағайындалады;  
  • - бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемнің ұзақтығы 1 жастан 1,5 жасқа дейін ұзартылды. Ағымдағы жылы төлем 500 мыңнан аса ата-анаға тағайындалады.  

Сондай-ақ, еңбекке қабілеттілігінен айырылған 78 мың адамға және асыраушысынан айырылған 55 мың отбасына базалық мемлекеттік жәрдемақыларға қосымша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан тағайындалған әлеуметтік төлемдердің мөлшері 8,5% - ға арттырылды.

Осылайша, жұмыс істейтін азаматтарды әлеуметтік қамсыздандыру жұмыс істемейтіндерге қарағанда жоғары.  

 

 

Повышение КАЗ
Наверх