208 млн тенге заплатили за чартеры: как Казахстан потратил бюджет на Игры в  Токио | NUR.KZ

2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Үкіметінің 17.11.2021 жылғы № 820 қаулысына сәйкес, сатып алу қабілетін сақтау мақсатында 75 130 алушыға еңбекке қабілеттіліктен айырылуы жағдайына және 52 096 алушыға асыраушысынан айырылуы жағдайынаМемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін ай сайынғы әлеуметтік төлемдердің мөлшері 5%-ға арттырылды.

Бұл төлемдер ұзақ мерзімді болып табылады, өйткені олар адам еңбекке қабілеттілігін қалпына келтірмейінше немесе зейнеткерлік жасқа жеткенше бірнеше жыл бойы төленуі мүмкін. Сондай-ақ, асыраушысынан айырылуы бойынша төлемдер кәмелетке толғанға дейінгі балаларға және 23 жасқа дейінгі күндізгі оқу бөлімінде оқитын студенттерге төленеді. Осыған байланысты, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң)сәйкес көрсетілген төлемдер жыл сайын ҚР Үкіметінің шешімі негізінде арттырылады. Айта кету керек, аталған алушылар базалық деңгейде – осыған ұқсас мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыны да бюджет қаржысы есебінен алады. 

Заңға сәйкес МӘСҚ-дан бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты кірісінен айырылуы жағдайына арналған ай сайынғы әлеуметтiк төлем (ӘТбк) мөлшері баланың туған күніне дейінгі соңғы екі жылдағы орташа табыстың 40%-ын құрайды. Бұл ретте, Заңмен міндетті зейнетақы жарналарын қосымша есептей отырып, "Балалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақылар туралы" ҚР Заңына сәйкес туылған баланың кезектілігіне байланысты белгіленген ай сайынғы мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақының (МӘЖ) мөлшерінен кем емес ӘТбк ең төменгі мөлшері белгіленген. МӘЖ мөлшері айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты болады. 

Осыған байланысты, АЕК ұлғаюымен 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап МӘСҚ-дан 220 462 ӘТбк алушыға көрсетілген төлемнің ай сайынғы мөлшері арттырылды.

Жоғарыда аталған әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру МӘСҚ активтері есебінен жүзеге асырылды.Осылайша, еңбекке жарамды халықтың әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысанын алудағы мүдделері қорғалуда.

Наверх