Мемлекет басшысының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі "Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам" Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау аясында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінде екі әлеуметтік төлемді тағайындау параметрлеріне қатысты өзгерістер енгізу көзделіп отыр:

біріншіден, бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемді төлеу мерзімі бір жылдан бір жарым жылға дейін арттырылады;

екіншіден , жұмысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде кірісті алмастыру коэффициенті 0,4-тен 0,45-ке дейін ұлғайтылатын болады.

Жаңа өзгерістер 2023 жылдан бастап 240 мыңнан астам бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем алушыға және жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем жоғары мөлшерде тағайындалатын 117 мыңнан астам азаматқа қатысты болады. 

Осылайша, жұмыс істейтін азаматтардың әлеуметтік төлемдерінің мөлшері жұмыс істемейтіндерге қарағанда артық болады. 

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры мемлекет Басшысының тапсырмаларын белгіленген мерзімде жүзеге асыруды қамтамасыз ету үшін барлық қажетті іс-шараларды іске асыруға кірісті. 

Наверх